Мұғалімдердің тестілеуден өту уақыты өзгерді

Сурет: Ашық дереккөзден

Жаңалықтар
934

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердегі педагогтер мен оқушыларға жеңілдіктер жасалатынын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz еl.kz-ке сілтеме жасап.

Вице-министрдің сөзінше, 7 мыңнан астам бала мен олардың ата-аналары жайлы орындарға көшірілді.

«Атырау, Ақтөбе облыстарында барлық білім алушылар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында – ТЖ жарияланған елді мекендерде мектептерде ағымдағы және аралық бақылау тоқтатылды. Яғни тоқсандық баға қорытынды баға ретінде шығарылады, – деді ол «Біз біргеміз» телемарафонында.

Сонымен қатар ол педагогтерді аттестаттау рәсімі аясында тестілеу сәуірден тамызға қарай шегерілгенін және су тасқыны салдарынан тұрғын үйінен айырылған педагогтар бұл тестілеуді бір жылдан кейін де өте алатынын алға тартты.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...