Ішкі істер министрлігі Нүкенованың анасы сотта айтып қалған "Бишімбаев бала қағып кеткен" деген сөзі...
Әр жүз өз билерін сайлапты, олар ант беріпті! (видео)
Бейнежазбадан
Әлеуметтік желіде Үш жүздің билері деп таныстырылған адамдар кезек кезекпен "Ұлы жүздің басын қосуға ант етемін!", "Орта жүздің басын қосуға ант етемін!", "Кіші жүздің басын қосуға ант етемін!" - деп, ант-су ішкен видео көпшіліктің талқысына түсті.
Жиналыстың жүргізушісі "Лесбианка, голубой болып кеткен ұрпағымызды дұрыс жолға түсіреміз" деп мәлімдеді. "Құрылтайдың" қай жерде, қашан болғаны белгісіз.
Естеріңізде болса, өткен жылдары бір топ адам жиналып белгілі абайтанушы, коуч Омар Жәлелді қазақтың бас биі қылып сайлаған еді. Бұл жиында ол кісі көрінбеді.
Әлеуметтік желі қолданушылары "Бөлінуді бастайтын үлкендер екенінің бір айғағы. Бір қазақпыз деген қашан айтылар екен?..", "Руға, жүзге бөлінгенді қойдыра алмай жүрсе, мына надандар шығыпты" деген сияқты пікірлер қалдыруда.