«Таза Қазақстан» логотипін қолдану бойынша нұсқаулық әзірленді

Таза Қазақстан

Жаңалықтар
598

Логотиптің басты құраушы бөлігі – үш бұтақты ағаш. Әрбір бұтақ және оның жайқалған жасыл жапырағы қоғамдастықтың негізгі үш стратасын анықтайды. Бұтақтар адамның жас межелерін, ал жапырақтардағы бедерлер сол кезеңге сай өмірлік тәжірибені сипаттайды.

Ортаңғы бұтақ пен бедері аз жапырақ: орта жастағы адамдар. Жоғарғы бұтақ пен бедерлі жапырақ: аға буын өкілдері. Төменгі бұтақ пен бедері жоқ жапырақ: өскелең ұрпақ - балалар мен жастар.

Ағаштың діңгегі «Қазақстан» жазуына негізделген. Бұл халықтың өсіп-өркендеуі елден, мемлекеттен бастау алатынына меңзейді. Ағаштың мықты болып бой көтеруі үш бұтаққа да байланысты. Демек, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған ортақ істегі нәтиже үш ұрпақтың ынтамағы мен белсенділігіне тәуелді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: Елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Ең алдымен, Қазақстанның таза, көрікті болғаны біз үшін, яғни халық үшін керек, - деген болатын.

Логотипте бейнеленген түстердің мағынасы:

Жасыл - бұл өмір мен жаңарудың, табиғат пен қуаттың түсі. Халық түсінігінде ол жастықтың, тазалық пен табиғи сұлулықтың нышаны. Өсімге, дамуға шабыттандыратын, жағымды эмоциялар мен қауіпсіздік сезімін қалыптастыруға ықпал ететін түстің акция логотипінде қолданылуының мағынасы осында.

Қызғылт сары - сергектік пен қуаныш сезімін тудырады. Бұл түс көптеген жағымды ассоциациялардың негізі, әрі өмірдің толықтығын, энергия мен эмоциялардың күшін білдіреді. Қызғылт сарының логотипте қолданылуы адамдардың акция барысындағы белсенділік пен бастамашылдыққа шақыруды білдіреді.

 

Шоу-бизнес

Продюсер Жан Мұқанов Қазақстанда ең көп гонорар алатын әншілерді атады, деп хабарлайды madenipor...

Жаңалықтар

Түркияның Ризе қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды madeniportal.kz. ВВС мәліметінше, Чайели...