Жайық өзенінде су деңгейі тағы көтерілді

Сурет: Ашық дереккөзден

Жаңалықтар
2501

Атырау облысында Жайық өзеніндегі су әлі көтеріліп жатыр. Бүгін судың деңгейі Индербор кентінде шекті мөлшерден 114 сантиметрге асып кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап. 

Төтенше жағдай жөніндегі өңірлік жедел штаб Жайық өзеніндегі су деңгейінің бүгін, 8 мамырда таңертеңгі сағат 08:00-дегі мәліметін ұсынды.

«Жайық өзеніндегі су деңгейінің бір тәулікте Индер ауданының орталығы – Индербор кентінде + 37 сантиметрге көтерілді. Бүгінгі су деңгейі – 959 см. Бұл шекті деңгейден +114 сантиметрге көп», - делінген облыстық жедел штабтың хабарламасында.

Сонымен қатар, Махамбет ауданында өзен арнасы кеше таңертеңнен бері +15 сантиметрге ұлғайған. Бүгін таңертеңгі сағат 08:00-де Жайықтың суы Махамбет ауылының тұсында 893 сантиметрге жетті. Мұнда шекті деңгей – 850 см.

Ал, Атырау қаласындағы гидробекетте су деңгейі 515 сантиметрді көрсетіп тұр. Қала аумағындағы қауіпті шек 550 см деңгейінде белгіленген.

Бүгін Жайық өзенінің суы Атырау қаласы маңындағы Жаңаталап ауылында 368, Еркінқала елді мекенінде 328 сантиметрді құрады.

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...