Әйеліне ғана шамасы келетін тағы бір еркексымақ күзетшіден аямай таяқ жеді (видео)

Бейнежазбадан

Жаңалықтар
29649

Әйеліне ғана шамасы келетін тағы бір еркексымақ арашашы болған күзетшіге де соқтығам деп, аямай таяқ жеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Лифтіде әйелін сабап жатқан ер адамды тоқтатпақ болған күзетші өзіне де шабуыл жасаған бұзақыны сабасына түсірді. Бастапқыда екеуін арашаламақшы болған күзетші ер адам өзіне соққы жасай бастаған соң, ашуға мініп, бұзақыны аямай ұрып-тепкілеп тастады. Әлеуметтік желі қолданушылар күзетшінің әрекетіне оң баға беріп, осындай еркексымақтарды осылай тәрбиелеу керек дейді.