Тоғжан Жахиннің авторлық жобасы көрермендерге ұсынылды

Жаңалықтар
1898

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің XXIII концерттік маусымының жабылуы аясында ансамбльдің көркемдік жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі, композитор-Тоғжан Жахин фольклорлық аспаптарға арналған авторлық жобасын көрермендерге ұсынды.

Астана халқына ұсынылған рухани кеште қазіргі уақытта көп қолданыла бермейтін көне аспаптардың үні жаңғырып, автордың шығармаларымен қатар, ұлттық өнерді ұлықтап жүрген қазіргі заман композиторларының жаңалық әкелген шығармалары орындалды. 

Кештің мақсаты өнер кеңістігінде төл аспаптардың алар орнын айқындау. Сол аспаптардың сарыны, үні ұмытылмас үшін, арнайы туындылар жазылып, репертуар қорын көбейтіп, халыққа ұсынып, төл өнерімізді насихаттау басты міндетке айналды. 

Сонымен қатар, көрермен назарына сахнадағы үстел үстіне қойылған уілдек, тастауық, құссайрауық, шыңырау, үскірік аспаптарды ұсынып, жақынырақ таныстырды. 

madeniportal.kz

Жаңалықтар

4 мамырда Димаштың 2024 жылғы алғашқы жеке концерті Будапештте "Stranger" турының аясында өтті.&nbsp...

Жаңалықтар

Владимир Путин бесінші рет ресми түрде Ресей Федерациясының президенті қызметіне кірісті, деп хабарл...