Перзентханаға түскен әйел босана сала палатадағы көршілерін алдап кеткен

Фото интернеттен

Жаңалықтар
1633

Ақтөбеде жаңа босанған әйел перзентханада палатадағы көршілерін алдап кеткен, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ақтөбе қаласының Полиция басқармасы алаяқтық дерегіне қатысты екі адамнан арыз түскенін мәлімдеді. Жәбірленушілердің айтуынша, жыл басында олар перинаталдық орталықта болған, онда босанған әйелдердің бірі 5 миллион теңге көлемінде кепілсіз несие ресімдеуге көмек көрсететінін айтқан.

“Қызметі” үшін ол 90 мың теңге көлемінде ақша сұраған. Екі босанған әйел оған қажетті соманы картаға аударыпты. Алайда уәде етілген несиені де, берген ақшасын да ала алмаған жәбірленушілер полицияға арызданды.

Полиция қызметкерлеріне күдіктінің жеке басын анықтау қиынға соққан жоқ, ол облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Медицина

Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлер салмағы небәрі 700 грамм болып туған нәрестенің өмірін сақтап қ...

Жаңалықтар

Бұл мереке 1997 жылғы 24 қарашада Қорғаныс министрінің Қарулы күштердің қажеттіліктері үшін педагоги...