Ақорданың tik-tok арнасы соңғы бір жылда өте жақсы нәтижемен жұмыс істеп келеді – Ержан Жаубай

Жаңалықтар
389

Бүгін Тоқаев бірқатар кездесу өткізді. Соның ішінде екі кездесуді жеке-дара атап өткім келіп тұр.Біріншісі Астанада өткен форумға арнайы келген Tik-tok компаниясының басшысы Шоу Чу.Кездесу барысында Тоқаев қытайлық әлеуметтік желінің танымалдығын, оның өз интерфейсін әлемнің басқа тілдерімен қатар қазақ тіліне аударғанын атап өтті.

Екінші кездесу - Қазақ тілі қоғамының басшысы Rauan Kenzhekhan-мен өтті.
Осы екі кездесуді өзара бір жағдай байланыстырады. Ол - Президент тапсырмасы. Яғни қазіргі таңда tik-tok өте жылдам, әрі сапалы дамып келе жатқан қоғамдық-ақпараттық ресурс.
Осыны байқаған Тоқаев Рауанға тапсырма берді.
Ол -  әлеуметтік желілерде ағартушылық бағыттағы арналар ашудың маңыздылығына назар аудару. Оған қоса ғаламдық цифрлық платформаларды қазақшалап, тіл үйренуге мүмкіндік беретін отандық ақпараттық жүйелерді көбейту қажеттігі.
Мемлекет басшысы қатысқан шаралардан қысқаша ақпарат беретін Ақорданың tik-tok арнасы соңғы бір жылда өте жақсы нәтижемен жұмыс істеп келеді.
Демек Тоқаев та tik-tok-тың, жалпы әлеуметтік желінің тиімділігін түсінді. Енді соны қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге пайдаланатын кез келгенін меңзеп отыр.
Президент айтпаса саусақтарын қимылдатпайтын шенділер енді қазақша сөйлеуді трендке айналдырса, қанеки!..

Ержан Жаубай, журналист, «Арғымақ» журналының бас редакторы

Жаңалықтар

БҚО-да аурудың бәрін емдеп, құлан-таза айықтыратын «ғажайып көрпені» 300 мың теңгеге сат...

Жаңалықтар

Көкшетаулық полиция жасырын есірткі салушының синтетиканы елордадан кофе пакеттерінде тасымалдағанын...