Қазақстандық оқушылар «Демалыста кітап оқимыз» республикалық челленджін бастады

ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Жаңалықтар
520

Өз жетістіктерімен ерекшеленген, балалар қозғалысының көшбасшылары және батыр балалармен кездесуде оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан сүйікті шығармасы ретінде қазақстандық жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» кітабын атады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, madeniportal.kz хабарлайды. 

Ведомстоның мәліметінше, вице-министр кітаптың құндылығы мен оқудың маңыздылығына мән берген оқушылардың «Демалыста кітап оқимыз» республикалық челленджіне бастамашылық етті және оған барлық оқушыларды қатысуға шақырды.

Сіздер де #демалыстакітапоқимыз хэштегімен әлеуметтік желілерде әдебиет және кітап оқу бойынша бейнероликтер түсіруге қатыса аласыздар. Ұнататын кітаптарыңызбен, сүйікті шығармаларыңыздың үзінділерімен және кітап оқу мен әдебиет туралы жеке ойларыңызбен бөлісіңіздер, делінген хабарламада.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...