Ресейдегі «Крокус Сити Холл» концерт залына шабуыл жасады деген 4 күдіктіге Мәскеудің Ба...
Қазақстанда алимент төлеушілердің қарызы 20 миллиард теңгеге жетті
Жаңа адамдар
2024 жылдың мамыр айында Қазақстанда алимент төлеушілердің қарызы 20 миллиард теңгеге жетті, деп хабарлайды Мәдениет порталы "Жаңа адамдар" қоғамдық бірлестігіне сілтеме жасай отырып.
Бірлестіктің мәліметінше, бұл 300 мыңнан астам бала заңды түрде алимент алмай, қажетті қаржылық қолдаудан айырылғанын білдіреді.
Елдегі ер адамдардың 43%-дан астамы балаларына төленетін алимент мөлшерін азайту үшін табыстарын төмен көрсетеді. 221 мың қазақстандық балаларының алдындағы міндеттерін мүлде орындамайтыны - алаңдатарлық мәселе.
Қазақстандағы алимент төлемеу мәселесіне жауап ретінде Жаңа адамдардың «Настоящий мужчина» азаматтық науқаны белсенділері Балаларды қорғау күніне арналған көрме ұйымдастырды. Ол жерде мәселенің ауқымын көрсететін нақты статистика ұсынылды.
«Қазақстанда жүздеген мың әкелер «нағыз еркек» болу дегеннің не екенін мүлдем ұмытты. Олар өздеріне ер тұлғалылық иллюзиясын жасап, айналасын алдайды және маскулинды бейнесін мақтан тұтады. Солай бола тұра, өз балаларына әдейі жетімақы төлемейді. Бұл тек жалғызбасты аналар мен олардың балаларының мәселесі емес. Бұл әр қазақстандықтың мәселесі. Өйткені, балалар - ел болашағы. Олардың құқықтары мен мүдделерін бірге қорғайық, - деп атап өтті "Жаңа адамдар" қоғамдық бірлестігінің белсендісі Ілияс Исаев.