Республикалық маңызы бар 17 автожолға шектеу қойылды

Фото интернеттен

Жаңалықтар
427

ҚазАвтоЖол су тасқыны салдарынан республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қалыптасқан жағдай туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

2024 жылғы 7 сәуір күні сағат 06:00-дегі жағдай бойынша 5 облыста (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 10 жолда  жалпы ұзындығы 3910 метр болатын су тасқыны болды. Айта кету керек, бұл жолдар - халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары.

7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 17 автомобиль жолында (ұзындығы 801 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Жолдардың жабылуына ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан пайда болған су тасқыны себеп болып отыр.

Қазіргі уақытта шектеу қойылған жолдарда 297 бірлік техника мен 385 адам жұмылдырылған.

Жаңалықтар

Талдықорғанда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам бір күннен кейін өртенген көліктің ішінен өлі табылға...

Жаңалықтар

Қазақстандық 18 жастағы азамат “Қырымға соғысқа барамын” деген хабарламаның салдарынан ш...