«Концерттік симфония» деп аталатын үлкен симфониялық концертті «Қазақконцерт»...
Дариға Бадықова: "Бұл фильм – көрерменнің фильмі"
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Отандық актриса Дариға Бадықова жақында жаңа жоба бастайтынын айтты. Ол Instagram желісіндегі парақшасында қолға алған ісіне үлкен сенім артып отырғанын мәлімдеді, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.nur.kz сілтеме жасап.
Актриса өз сөзінде өнерден ойып орын алғанын, қазір кез келген кедергіге төтеп бере алатынын жеткізіп, көпшілікке үндеу жасады.
"Жүзімде басталатын жобаға үміт бар. Құдай маған мүмкін емес дүниені мүмкін етеді. Менің сағымды сындыру қиынға соғады. Себебі ақыл-есім бар, Құдайдың қызымын. Бұрын "Алматыға кетемін, келмеймін дейтінмін. Үйдегілер біртүрлі қарайтын. Сыныптастарымды "жұлдыз боламын" деп күлдіретінмін. Шүкір, Алматыда қалдым. Өнерде ойып орын алдым. Продюсер болып, тағы 1-орын алып көрсем бе деп отырмын. Елден көшіп кетпесін десеңіздер, әрине менің орным болса, осы басталатын жобаны 3 миллиардтан асырайық. Одан асырмайтын болсақ, ренжимін. Ол қандай жоба, кім біледі? Айтуға қорқамын, көз тие ме деп ойлаймын", - деп жазды ол.
Елден көшіп кетпесін десеңіздер, әрине менің орным болса, осы басталатын жобаны 3 миллиардтан асырайық. Одан асырмайтын болсақ, ренжимін. Ол қандай жоба, кім біледі? Айтуға қорқамын, көз тие ме деп ойлаймын", - деп жазды ол.
Осылайша актриса көпшіліктен қандай кинофильм жайлы айтқанын жасырып қалды.
"Қандай фильм екенін әзірге айтпай-ақ қояйын. Көзі өтіп кететін жандар бар екен. 3 миллиард болады деп ғаламға үндеу жасаймын. Бұл фильм алуы керек. Себебі бұл фильм – көрерменнің фильмі", - деп түйіндеді ол.