«Жағдайға немқұрайлы емес жандар»: көз алдымызда бейжай емес қазақстандықтардың жаңа қауымдастығы құрылды

Бейнежазбадан

Жаңалықтар
557
Ауқымды су тасқындарына байланысты сәуір айының басында Жаңа адамдар зардап шеккен аймақтарға жіберуге еріктілер топтарын құру туралы жариялады. Топтар Көкшетау, Петропавл, Орал, Атырау, СҚО және Ақмола облыстарына жіберілді. Сонымен бірге «Бәрімізге қатысты» азаматтық науқаны көмегімен су тасқыны кезінде қазақстандықтар арқылы көмекке мұқтаж адамдарға ондаған тонна гуманитарлық көмек жіберілді.

Апаттың жойқын зардаптары кезекті түрде біздің күшіміз бірлікте екенін көрсетті. Қайғы Қазақстанда тұратын адамдарды жұмылдырып, біріктірді. Отанды қорғауға мамандандырылған қызметтер ғана емес, елдің түкпір-түкпірінен қарапайым азаматтар да келді. Көптеген қайғы мен жойқындарды тудырған апат Қазақстандағы жаңа қауымдастық құрылуына алып келді. Жаңа адамдар оны “Жағдайға немқұрайлы емес жандар” деп атады.

12 мамыр күні Жаңа адамдар үлкен су әсерінен зардап шеккендерге ерікті түрде көмек қолын созған адамдардың қатысуымен ауқымды іс-шара ұйымдастырды. 

1000-нан астам адам Астанадан алыс емес, еріктілер өз қолдарымен уақытша бөгеттер салған Оразақ ауылы жанында жиналды. ТЖМ мамандары қатысушыларға тренингтер мен шеберлік класстарын өткізіп, суға батқан, үлкен биіктіктен құлаған адамдарға алғашқы көмек көрсету дағдыларын тәжірибе жүзінде көрсетті. Сонымен бірге құтқарушылар еріктілерге өрт және өзге де ТЖ кезінде қалай әрекет ету керектігін түсіндірді.

Бүгінде «Жағдайға немқұрайлы емес жандар» қауымдастығы - жанашырлық танытып, қайғыға ортақ бола алатын Қазақстанның нағыз азаматтық қоғамы деп нық сеніммен айтуға болады. Бұл - еліне және оның тұрғындарына көмек қажет болса, өз жұмыстарын тоқтатып қоятын жандар. Бұл - Қазақстанда болып жатқан барлық жағдайға немқұрайлы емес адамдар.
 
 

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...