3 жастағы қыз әлі табылған жоқ

Фотосурет inbusiness.kz сайтынан алынды

Қоғам
541

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жоғалып кеткен 3 жастағы қыз әлі ізделіп жатыр, деп жазады madeniportal.kz тілшісі inbusiness.kz сілтеме жасап.

"Қыз әлі табылмады. Оны іздестіру шаралары әлі жалғасып жатыр", - деп жауап берді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 17 наурыз сағат 16:00 шамасында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Қызды іздеуге тікұшақ пен дрон жұмылдырылды.

Кейін Алматы облыстық Полиция департаменті із-түзсіз жоғалып кеткен Айя Софияға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталғанын мәлім етті.

Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.

Жаңалықтар

Ақмола облысында патронаттық тәрбиеде болған 8 жасар бала жәбір көрген, деп хабарлайды madeniportal....

Жаңалықтар

Жетісу өңірінде жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Оқи...