Алғысқа лайық жандар

Фотосурет: Үкімет баспасөз қызметі

Қоғам
714

Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов еліміздегі су тасқыны жағдайына қарсы күреске қатысушыларға алғыс айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Премьер-министр қазіргі таңда ең басты жұмыс тұрғындарды эвакуациялау екенін айтты.

Маған үй-жайларын тастап кеткісі келмейтін тұрғындардың әрекеті эвакуациялау жұмыстарын қиындатып жатқаны туралы айтылды. Олар су тасқынының ауыр зардаптарына сенгілері келмейді. Көріп отырғанымыздай, биыл мұндай апат су тасқыны бұрын-соңды болмаған жерлерде де орын алуда. Сондықтан, қазақстандықтарды әкімдіктер мен арнайы қызметтердің хабарламаларына ерекше мән беріп, олардың нұсқауларын орындауларын сұраймын. Бұл адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді, - деді Бектенов.

Үкімет басшысы Қазақстан азаматтарына құтқарушыларға барынша көмек көрсетуге және олардың жұмысына кедергі келтірмеуге шақырды.

Сондықтан құтқарушылардың жұмысын қиындатпай, оларға қарсылық емес, керісінше, қолдау көрсету керек. Олар сіздер үшін тер төгуде. Ал, адамдарды құтқару оңай жұмыс емес. Өкінішке қарай, Батыс Қазақстан облысында сержант Батырбек Қапсықов қызметтік міндетін атқару кезінде екі бірдей пышақ жарақатын алған. Қылмыскер ұсталды, - дейді Үкімет басшысы.

Үкімет басшысы күштік құрылымдардың қызметкерлері мен құтқарушылар шын мәнінде батылдық көрсетіп жатқанын айтады.

Ал, Ақтөбе облысында тасқын жағдайында жүкті әйелді босандырып алуға тура келді – анасы мен жаңа туған егіздерді құтқарып қалды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен қазіргідей қиын жағдайда ел тұрғындарына көмек қолын созып жатқан құтқарушыларға, ұшқыштарға, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктеріне мен Ұлттық ұланның қызметкерлеріне, медицина қызметкерлеріне және қатардағы еріктілерге алғысымды білдіргім келеді, - деді Бектенов. 

Жаңалықтар

Атырауда 5-қабаттан құлаған бала жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды, деп хабарлайды madeniportal...

Жаңалықтар

Ақтауда кәмелет жасына толмаған қыздардың соққыға жығылғаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды mad...