Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды madeni...
Елімізде 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Мемлекет басшысы Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қазақ журналистикасының тағылымды тарихы, аға буын қалыптастырған ерекше қолтаңбасы бар.
"Біз оның бай шежіресі мен ағартушылық дәстүрін барынша сақтауымыз қажет. Бүгінгі ақпарат саласының өкілдері осы сабақтастықты лайықты жалғастырып, өзіне жүктелген жауапты миссияны абыроймен атқарып келеді.
Сіздер қай кезде де халыққа шынайы әрі жедел хабар таратып, кәсіби біліктіліктің озық үлгісін көрсетіп жүрсіздер. Болашақта да елдік мәселелерді көтеріп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға белсене атсалыса бересіздер деп сенемін", – дей келе, Қасым-Жомарт Кемелұлы бақ-береке, толағай табыс, шығармашылық шабыт тіледі.
Бүгінгі кәсіби мерекемен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі де құттықтады.
"Бүгін – күн сайын талмай ақпарат таратып, маңызды мәселелер көтеріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын және қоғамның дамуына зор үлес қосып жүрген жандардың еңбегін ерекше атап өтетін күн.
Журналистика жай ғана кәсіп емес, қастерлі міндет әрі үлкен жауапкершілік. Сіздерге жүктелген міндет кәсіби біліктілікті, объективтілікті, адалдық пен батылдықты қажет етеді. Қаншама қиындықтар мен сын-сынақтарға қарамастан, өз міндеттерін абыроймен атқарып, әділдік пен шындықтың жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан барша БАҚ өкілдері қашанда жоғары құрметке лайық, - деп жазды министрлік.