Маңғыстауда шетелдік азаматтар ғана кіре алатын казино салынады

Фото: zhzh.info

ЖАҢАЛЫҚТАР
2071

Маңғыстау облысында тек шетелдік азаматтарға арналған казино салынбақ, деп хабарлайды madeniportal.kz Lada.kzтілшісіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың мәлімдеуінше, бұл ойын мекемесіне Қазақстан азаматтарының кіруіне қатаң тыйым салынады. Әкімнің айтуынша, мұндай шешім қазақстандықтардың қаржылық жағдайын қорғауға бағытталған.

«Казиноға біздің азаматтар кірмейді. Бұл дұрыс шешім деп есептеймін. Айлық алған азамат казиноға барып, ақшасын ұтқызып жіберуі мүмкін. Сондықтан бұл казино туристер үшін ашылады. Мақсат — шетелдік туристерді тартып, олардың біздің елде мүмкіндігінше көп қаражат қалдыруын қамтамасыз ету», — деді әкім.

Қазіргі уақытта казиноның нақты атауы мен инвесторы анықталған жоқ. Әкімдік ойын-сауық орнының құрылысын жүргізуге мүдделі инвесторларды іздестіріп жатыр.

Сонымен қатар әкім брифинг барысында Бозжыра мен Айрақтыда қонақ үйлердің құрылысы жоспарланып отырғанын хабарлады. Бұл нысандар Маңғыстау облысының туристік әлеуетін арттыруға бағытталған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...