Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Мереке
903

Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Тіршілік атаулыны түлетіп, жер-жаһанға ізгілік нұрын себетін Әз-Наурызды еліміз дархан пейілмен, жаңаша мазмұнмен атап өтуде. Бағзыдан ырыс пен берекенің алтын арқауы, молшылық пен игіліктің қайнар бастауы болған ұлық мереке – халқымызды мұратқа жеткізер мызғымас бірліктің, іргесі берік, еңсесі биік елдіктің жаршысына айналды. Жаңарған жыл кемел келешектен үкілі үміт күткен еліміз үшін жасампаз істерге әрі табысқа толы болғай. Әр шаңырақтың ырзық-несібесі артып, арман-мақсаттары орындалсын. Рухани құндылықтарымызды дәріптейтін Наурыз мерекесі құтты болсын. Қашанда отбасыларыңыздан шаттық пен молшылық кетпесін! Ұлыс оң, ақ мол болсын, - деді Олжас Бектенов.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал шоумен Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Талғатқызы оқырманының сұрағына жауап берді, деп ха...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысында құтқарушылар 31 наурызда жоғалып кеткен қыздың денесін тапты, деп хабарлады Made...