Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі Ресей президентінің Уральск федералдық округін...
Түркістанда Қосағаш ауылының тұрғындары қасқырдан қорқып, үйлерінен шығудан қалған
Фото: видеодан скриншот
Түркістан облысы Қосағаш ауылының тұрғындары қасқыр мен бұралқы иттердің шабуылынан қорқып, үйінен шығудан қалған. Ауыл көшелерінде жарық жоқ болғандықтан, жыртқыштар онда емін-еркін жүретін көрінеді, деп хабарлайды madeniportal.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Ауыл тұрғыны Гүлайым Қалмырзаеваның айтуынша, қасқырлар таудан түсіп, ауыл ішін кезіп жүреді екен.
Тұрғындар, әсіресе, мектептен тас қараңғыда қайтатын балалар үшін алаңдаулы. Ауылда жарықтандырылған бірде-бір көше жоқ. Электр желілерінің де жағдайы мәз емес. Жарты ғасырдан аса уақыт пайдаланылған желілер жиі істен шығып, кернеу тұрақсыз болып тұр.
Теледидар көрсек, тоңазытқышты өшіруіміз керек. Телефонды зарядтау үшін де басқа құрылғыларды өшіруге мәжбүрміз. Тоңазытқышымыз жанып кетті, қазір ол тек шкаф ретінде тұр, - дейді ауыл тұрғыны.
Шенеуніктер ауылдағы мәселеден хабардар екендерін, оны шешуге тырысып жатқандарын жеткізді. Әзірге олар алдымен үйлерді тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Ол үшін бюджеттен 267 миллион теңге қаражат қажет.
Алдымен ішкі тіректерді, трансформаторларды және кабельдерді жаңартамыз. Бірақ көшелерді жарықтандыру мәселесі әзірге қарастырылған жоқ, - дейді тұрғын үй басқармасының басшысы Тұрдалы Әбдәкімов.