6-8 шілде күндері Астанада өтетін мерекелік шаралар

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ
3096

6-8 шілде күндері 9:00-де Дәулет спорт сарайында Шинкиокушинкай каратэдан балалар, жасөспірімдер және ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

6-7 шілде күндері 17.00 және 20.30-да Nomad city hall сахнасында «Әзіл әлемі» сатира және әзіл кеші өтеді. 

Сондай-ақ, 6-8  шілде күндері 17.00-де «Бәйтерек» монументінің алаңында «Spirit of Astana» Халықаралық фестивалі өтеді. 

6 шілде күні 9:00-де «Толқын» спорт кешені маңында Академиялық есу және байдарка мен каноэ есу бойынша біріншілік басталады. 11:00-де Республика даңғылындағы тарихи-әскери музейден «Жастар» сарайына дейін «Астана Самалы» ІХ Халықаралық үрмелі аспаптар оркестрі фестивалінің шеруі өтеді. 

14:00-де «Қазанат» ипподромында Бәйге түрінен «Астана кубогі» (Аламан бәйге - 25 шақырым, бәйге - 16 шақырым) басталады. 

15:00-де «Жастар» сарайының жазғы алаңында Астана қаласы әкімінің кубогы үшін караокеден «Бәрі де ән шырқайды!» ашық қалалық чемпионатының жартылай ақтық мәресі мен Гранд-финалы өтеді және жеңімпаздар марапатталады. 

15:00-де Есіл өзенінің жағалауындағы амфитеатрда «Кел шырқайық, балақай!» балалар концерті беріледі. 

16:00-де Қалалық алаңда «Астана Самалы» ІХ Халықаралық үрмелі аспаптар оркестрі фестивалінің плац-концерті басталады.

17:00-де Есіл өзенінің жағалауындағы амфитеатрда мажарстандық «Kurazsi» этно-би ансамблінің концерті өтеді. 

18:00-де «Астана» концерт залында КСРО Халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенованың жеке концерті  беріледі. 

18:00-де «Жастар» сарайының жазғы сахнасында «Моя любимая Астана» фотобайқауының марапаттау рәсімі басталады.

 20:00-де «Қазақ елі» монументі алаңында Гала-концерт өтеді. 

20:00-де Есіл өзенінің жағалауындағы амфитеатрда «Кеш жарық, Астана!» қазақстан эстрадасы жұлдыздарының концерті беріледі.


 7 шілде күні 9.00-да «Жастар» сарайында «Парад Астаны» көпжанрлы республикалық балалар байқауы басталады. 

11:00-де М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында С. Астраханцевтің «Братец Лис и братец Кролик» ертегісі қойылады.

 15:00-де Есіл өзенінің жағалауындағы амфитеатрда «Сәлем, Астана!» балалар концерті болады. 

18:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында эстрада әншісі Ернар Айдардың «Қазақтың жігіттері» концерті басталады. 

19:00-де Есіл өзенінің жағалауындағы амфитеатрда «Astana FM ON AIR» музыкалық фестивалі өтеді. 

19:00-де Қалалық алаңда Италиялық «FORWARD»  джаздық тобының концерті басталады. 

Сондай-ақ, 7-8 шілде күндері 20.00-де Қалалық алаңда «Энергия музыки» концерті беріледі.

 8 шілде күні 8.00-де Мұстафа Кемаль Ататүрік даңғылында Драг-рейсингтен Астана қаласының кубогінің 3 кезеңі өтеді.

 10.00-12.00 және 17.00-19.00 аралығында «Жерұйық», «Астаналық, «Президенттік», «Студенттік», Астана триатлон саябақтарында «Fitness Park Astana»  бағдарламасы бойынша спорттық іс-шаралар (эстафета, қапта секіру,топтық жүгіріс, қақпаға допты тебу, стритбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, асық ату, маунтинбайк) өтеді. 

10:00-де Жастар сарайында «Bravissimo» атты IV халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі болады. 

17:00-де Есіл өзенінің жағалауындағы амфитеатрда мажарстандық «Kurazsi» этно-би ансамблі өз концертін ұсынады.

  18:00-де Бейбітшілік және Келісім сарайында «Ән мен Әнші» атты гала-концерті басталады. 

20:00-де Есіл өзенінің жағалауындағы амфитеатрда «Кеш жарық, Астана!» Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының концерті өтеді.


ЖАҢАЛЫҚТАР

Колумбияда бортында 15 адам болған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, олардың арасында конгрессмен Дио...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте тағы бір әйел пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Шымкент қалас...