Ақтауда 11 құқықбұзушы ұсталып, олар бірнеше бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хаб...
Астанада массажист әйел клиентке барған кезде соққыға жығылып, зорланғанын айтты
Фото: freepik
Астанада массаж қызметін көрсететін әйел үйге шақырған клиент тарапынан зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеді. Бұл туралы Telegram-дағы «Криминал Казахстан» арнасы жазды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Мәліметке қарағанда, әйел емдік массаж қызметін көрсетіп, сұлулық салондарының бірінде жалға алынған кабинетте жұмыс істеген. Бір күні оған массажға келген ер адам процедурадан кейін әдепсіз ұсыныстар жасаған. Әйел оның ұсынысын қабылдамай, байланысын бұғаттаған.
Арада шамамен бір ай өткен соң ер адам массажистпен қайта байланысып, оны үйіне шақырған. Әйел кездесуге дейін интимдік қызмет көрсетпейтінін бірнеше рет ескерткен.
Жәбірленушінің айтуынша, массаж кезінде ер адам қайтадан оған тиісіп, қарсылық білдіргеннен кейін шашынан ұстап, ұрып-соққан. Кейін оны бірнеше рет зорлаған. Әйел қашып шығуға әрекет жасағанымен, ер адам оған пышақ көрсетіп, өлтіремін деп қорқытқанын айтқан.
Оқиға кезіндегі шуды көршілер естіп, полиция шақырған. Ер адам ұсталған.
Алайда жәбірленушінің сөзінше, полиция қызметкерлері процессуалдық әрекеттер жүргізілуі керек екенін айтып, оған бірден оқиға орнынан кетіп, медициналық көмекке жүгінуге мүмкіндік бермеген.
Қазіргі уақытта ер адамның бостандықта жүргені туралы ақпарат тарады.