Мектеп маңында атыс болып, 11 оқушы жараланды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
50

Түркияның Маниса провинциясы Тургутлу ауданында мектеп маңында атыс болып, 11 оқушы жарақат алды. Зардап шеккендердің екеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға 22 қыркүйек күні таңғы сағат 08:00 шамасында болған. Түркиялық БАҚ-тың хабарлауынша, қарулы адам мектеп маңында оқ атып, кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Күдікті көп ұзамай қолға түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, атыс жасаған адам — осы мектептің 15 жастағы оқушысы. Алайда оның кім екені және шабуылдың нақты қалай болғаны әзірге толық нақтыланбаған.

Әлеуметтік желіде тараған бейнебақылау жазбасынан мектеп маңында қолында қаруы бар адамның жүргені, кейін оқиға орнынан қашып кеткені көрінеді.

Алғашқы ақпаратта жараланғандар саны аз көрсетілгенімен, кейін олардың саны 11 адамға жеткені белгілі болды.

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын және атысқа не себеп болғанын анықтап жатыр. Осы дерек бойынша тергеу басталды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада массаж қызметін көрсететін әйел үйге шақырған клиент тарапынан зорлық-зомбылық көргенін мәл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сотталған журналист Думан Мұхамедкәрім Қызылордадағы карцерде екі рет өзіне қол жұмсамақ болған. Бұл...