“Бәрі айна-қатесіз орындалды”. Танымал блогер армандарының қалай дәл орындалғанын айтты

Фото: инстаграм парақшасынан

Ашық әңгіме
1536

Танымал блогер Мерей Абилова болашақ жарының қандай болатынын жиі елестеткенін және соған сенгенін ашық айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Архивты қарап осы видеоны тауып алдым. Алладан бәтеңкенің бауына дейін сұра демекші, барлығын айтыппын. Айтып қана қоймай, болашақ жарым қандай болатынын елестетуші едім. Армандар картама жабыстырып, түр-сипатына дейін фотосын жабыстырып тастаушы едім. Тіпті тойымыздың қалай өтетіні, ұсыныс қалай жасалу керегіне дейін көз алдыма елестеттім. Бәрі айна-қатесіз орындалды», – деді блогер. 

Ол видеода күйеуінің сырт-келбеті қандай болуы керек екенін, тіпті сақалына дейін айтады. Содан кейін жігіттің материалдық жағдайы туралы сұраққа жауап береді.

«Менің мына айтқан талаптарыма сай болса, ол итак бай деген сөз. «Европаға кеттік» деп аяқ астынан шығып кете алатын жағдайы бар болуы керек. Ата-анасы заманауи көзқараста болса. Гелик айдайтын жігіттерді жақсы көремін», – деді ол.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Синоптиктер 16 наурыз, дүйсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыз болатынын еске...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Жангелдин ауылында қаза тапқан отбасыға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып ж...