Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында екі алтын...
Сахнада балағат сөз айтқан: Астанада стендап-комикке айыппұл салынды
Фото: freepik
143
Астанада өнер көрсету кезінде балағат сөз қолданған стендап-комикке 86 500 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Сот мәліметінше, әртіс дөрекі сөздерімен көрермендерге құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Істі қарау барысында оның сахнадағы сөздері жазылған бейнежазба дәлел ретінде ұсынылған.
Комик кінәсін мойындап, өкініш білдірген. Ол соттан өзін қамауға алмауды сұраған. Сот бұл өтінішті ескеріп, оған 20 АЕК мөлшерінде, яғни 86 500 теңге айыппұл салған.
Әртістің аты-жөні жарияланған жоқ. Сот құжатында ол “азамат Қ.” деп көрсетілген.