"Соған шынымен сеніп тұрмын демеңіз". Жаңқош Тұраровтың әйелі мәлімдеме жасады

Фото: instagram.com / klarita_os

Ашық әңгіме
1915

Боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады дегенге спортшының әйелі Клара Иса сенбейтінін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz

Клара Иса спортшының сегіз жылдан бері заңды некедегі әйелі. Ол жеке парақшасында трендке қатысты видеосын жүктеп, ер мен әйелдің бір-бірлеріне жиі қоятын сұрақтарын тізді. 

“8 жылда күніне 1045 рет қоятын сұрақтарыма автоматты түрде жауап айтатын болған. “Жан деп бастасам болды: “Мен сені жақсы көремін, сенен ажыраспаймын, сен өліп қалсаң, басқа ешкімге үйленбеймін” деп айтады. Ең жиі қоятын сұрақтарыңыз қандай? Жігіттеріңізге жіберіп отырыңыздар”, – деп жазды блогер келіншек. 

Желі қолданушылары видеоның астына қоғамды шулатқан бойжеткен қыздың мәселесін жарыса жазып жатыр. 

“Өмірде ең жаман нәрсе – күйеуіңнің сыртыңнан істеген ит тірлігі. Сіздей қызды не үшін айырбастаған?” деген сұраққа блогер де үнсіз қалмады.

“Соған шынымен сеніп тұрмын демеңіз енді. Ең болмаса сөзінің ұйқасын таппай қалдық қой”, – деп жауап берді Клара Иса. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Синоптиктер 16 наурыз, дүйсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыз болатынын еске...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Жангелдин ауылында қаза тапқан отбасыға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып ж...