“Шулап жүріп Елдостың анасын әкесінің қасына қойғыздық”. Елдос Сметов жасаған тойдың видеолары қызу талқыға түсті

Фото: инстаграм парақшасынан

Ашық әңгіме
857

Париж Олимпиадасының чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов Таразда екі ұлының сүндет тойы мен қызының тілашарын жасады. Тойға танымал жұлдыздар қатысқан. Чемпионның тойындағы қызықты жайттарды тізіп беруді жөн көрдік, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап.

Осыған дейін әлеуметтік желіде Елдос Сметовтің анасымен бірге жүруі сынға ұшыраған еді. Бұл жолғы тойда алдымен анасы мен әкесі, кейін Елдос өз жұбайымен шығады. Желі қолданушылары «шулап жүріп Елдостың анасын әкесінің қасына қойғыздық» деп жазған. 

Олимпиададан оралған кезде Елдос пен оның бапкерінің биі желіде хит болған еді. Осы тойда да олар дәстүрлі билерін қайталап, қошеметке ие болған.

Тойда келген сыйлы қонақтардың ішінде «Өнер қырандары» театрының әртістері, Мұхамеджан Тазабек, Төреғали Төреәлі, «Музарт» тобының жігіттері бар. Айтыскер ақындар тойда көсіліп спортшыға жыр да арнаған. Сондай-ақ тойда Сметов «Өнер қырандары» әртістері арқылы Умраға жолдама ойнатқан.

AMP

Ал тойбастар ретінде Париж олимпиадасының алауы қойылған.

Айта кетейік, Елдос Сметов Парижде чемпиондық атаққа қол жеткізіп, ел тарихында дзюдодан алтын медаль алған бірінші спортшы атанды. 

PESTEL

Қазақстан мемлекеттік қызметтердің цифрлануы бойынша әлемнің үздік 10 елінің қатарына енді, деп хаба...

PESTEL

Мәскеуде жасөспірімнің аузында қосымша 14 тіс бар екені анықталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL....