Депутат Айдос Сарым: "Қазір медициналық сақтандыру – майшелпек"

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Ашық мінбер
429

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында медициналық әлеуметтік сақтандыру қорындағы ақша ізін ашық ету туралы мәселе айтылды, деп жазады madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.

Отырыста мәжіліс депутаты Айдос Сарым медициналық әлеуметтік сақтандыру қорында ашықтық жоқ ден сынады.

"Қазір медициналық сақтандыру – майшелпек. Зейнетақы қорына қосымша арқылы қанша түскенін, оның қалай азайып, көбейгенін күнделікті көріп отырамыз. Ал МӘСҚ-да ондай жоқ. Бәріміз ай сайын ақша аударып жатырмыз. Медициналық тексеруге анда-санда 5-10 жылда бір баратын шығармыз. Осы жауапкершілік мәселесін жетілдіріп, әр азаматтың қордағы ақшасының ізін көрсету мүмкіндігі бар ма?" – деп сұрады депутат.

Вице-премьер Тамара Дүйсенованың айтуынша, медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына қанша азаматтың қатысып жатқаны, қанша қаражат төленіп жатқаны туралы ақпараттың бәрі Еңбек министрлігінің жүйесінде көрсетілген.

"Бұл қорда бірқатар мәселер бар. Қордың интеграцияланған жүйесі болмағандықтан, азаматтар өздеріне қанша қаражат түсіп жатқанын көре алмайды. Бұл жұмыстарды келесі жылдың аяғына дейін бітіреміз. Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры сияқты әр азаматқа қанша қаражат түсіп жатқаны туралы ақпаратты беріп отырады. 49 ақпараттық жүйенің жартысын биыл интеграциялап бітіреміз. Ал қалғанын келесі жылға қалдырып отырмыз", –деді вице-премьер.

Қазір МӘСҚ мәселесі ең көп жүйенің бірі болып отыр. Оны бүгінгі мәжілісте отырған Денсаулық сақтау министрлігі өкілі де мойындап отыр. Осы уақытқа дейін мемлекет басшысы да жүйенің қарапайым әрі түсінікті болуға тиіс екенін айтқан. Биылғы дерек бойынша, азаматтар МӘСҚ-қа 3-5% аралығында төлем жүргізіп келеді.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...