22 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады

Фото: istockphoto.com

Ауа райы
1341

Синоптиктер 22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Бұрынғыдай циклон науқаны мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын күтіледі», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Тек батыста және оңтүстікте антициклон сілемі жаңбырсыз ауа райын қалыптастырады. Ел аумағында жел күшейіп, тұман, батыс пен оңтүстікте көктайғақ күтіледі.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, тұман түседі. Шығыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы 0+2°.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы -5-7°.

Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші қар жауады, қар жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы -7-9°. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың арнайы өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен бір...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі, бес баланың анасы Нәзира Байырбекова күйеуімен ресми түр...