ПОСЕЙДОН ҒИБАДАТХАНАСЫМеніңше бір замандарда теңіз құдайы, тіпті күн құдайы деген ештеңе жоқты; екеу...
«Аударма мәтінді редакциялау ерекшеліктері»
Фотосурет: Автордан
Кеше, сәуір айының 24-і күні, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да филология факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының «TARZHIMAN» жас аудармашылар клубының ұйымдастыруымен «Аударма мәтінді редакциялау ерекшеліктері» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге елімізге белгілі «Steppe&World» баспасының редакторлары Ырысбек Дәбей, Асылан Қуанышұлы, сату менеджері Ғалымжан Оразымбет қатысты. Редактор мамандар аударма мәтінді редакциялау кезіндегі кейбір тілдік, ұлттық ерекшеліктер жайын сөз етсе, тәжірибелі менеджер Ғ.Оразымбет баспа ісін ұйымдастыру, авторлармен келісімшарт жасау барысындағы және т.б мәселелерді талдап түсіндірді. Бұдан бөлек, болашақ аудармашылар мен филологтар сұрақ қойды.
Дөңгелек үстел модераторы, доцент Л.Мұсалы аударма редакторының аса қиын да жауапты жұмыс екенін, студенттерге болашақта өз мамандығы бойынша жұмысқа тұру үшін практикалық дағдыны дамытудың маңызды екенін атап өтті. Дөңгелек үстелге филология факультеті деканының орынбасары Жайна Сәткенова, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі Малика Аймағамбетова, аға оқытушы Рауана Төрехановалар қатысып, студенттерді өндірістік практикаға жіберу, оларды жолма-жол аударма жасауға үйрету т.б. мәселесін қозғады.
Шара барысында мамандар «Steppe&World» баспасы басып шығарған көркем әдебиет және мотивациялық кітаптар таныстырды. Айта кетейік, дөңгелек үстел «Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні» аясында ұйымдастырылды.
Ләйла МҰСАЛЫ,
Рауана ТӨРЕХАНОВА,
ҚазҰУ