Серікбол Қондыбай
ҒАЛЫМҒұмырының жартысын қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-санасын жаңғыртуға арнап, сүбелі үлес қосқан және түбегейлі зерттеуде зор еңбек еткен қазақтың өлкетанушы, географ, публицист, этнограф-ғалымы.
ТолығырақСерікбол Қондыбай (1968 – 2004) – ғұмырының жартысын қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-санасын жаңғыртуға арнап, сүбелі үлес қосқан және түбегейлі зерттеуде зор еңбек еткен қазақтың өлкетанушы, географ, публицист, этнограф-ғалымы.
Серікбол Әділбекұлы Қондыбай Маңғыстаудың Қарақия ауданы, Құрық кентінде 1968 жылы 14 наурызда дүниеге келген
1975-1985 жылдары Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кентіндегі №3 мектепте білім алған. 1991 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетін “географ-геоморфолог” мамандығы бойынша бітіріп шыққаннан кейін еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастаған. Кейін аудандық “Білім қоғамында” жауапты хатшы, аудандық байланыс торабында монтер болып қызмет еткен. 1986 жылғы “Желтоқсан оқиғасына” қатысып, 17 желтоқсан күні ұсталып, 10 күн қамауда отырған.
1991 жылы Қазақ ұлттық университетін бітіріп, 1991 – 1997 жылдар аралығында Маңғыстау, Үстірт мұражай-қорығында, облыстық экология және биоресурстар басқармасында қызметкер, орта мектепте мұғалім, өлкетану, туризм, ландшафт эстетикасы мәселелері саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар байырғы қазақ шежіресі мен әфсана аңыздары, географиясы тұрғысында мағлұматтар жинастырып, бірнеше кітап жазған ғалым. Ғалымның «Маңғыстау географиясы», «Қазақ мифологиясына кіріспе» (1997), «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» (2000), «Есен-қазақ» (2002), «Гиперборея: түс көрген заман шежіресі» (2003), «Арғықазақ мифологиясы» (2004), «Эстетика ландшафтов Мангистау» (2005), «Маңғыстаунама» (2006), «Қазақ даласы және герман тәңірлері» (2006), «Жауынгерлік рух кітабы» (2006) сынды зерттеу еңбектері бар.
Пікірлер
Әбіш Кекілбаев: “Арамыздан ерте кеткен талантты ғалым Серікбол Қондыбай – ұлттық руханиятымыздағы аса сирек құбылыс. Ол этнография мен археология, география мен ономастика, агиография мен теология, эпос пен тарих, мифология мен философия деректерін салғастыра зерттеп, түріктану мен қазақ тануға мейлінше үлес қосты. Отандық ғылым үшін жемісті болар жаңа бағыт бастап берді. Ол қалдырған мұраның деректік, пайымдамалық құндылықтары мен мәнділіктерін зерделеу – осы заманғы ұлттанудың қалыптасуы мен кемелденуіне оң ықпал етері сөзсіз. Бұл саңлақ таланттының саяқ зерттеушілік ізденістеріне, ерек елжандылығы мен еңбексүйгіштігіне таң қалмасқа шара жоқ!.. Арманда кеткен азаматтың жер бетіндегі ізі суымай жатып, ол қалдырған еңбектердің сиясы кеппей тұрып ғылыми сарапқа түсуі – аса сүйінішті жағдай”
Қойшығара Салғараұлы: “Серікболдың артында қалдырған рухани мол мұрасын тану үшін, жасалынған ғылыми тұжырымдардың парқын пайымдап, құндылық деңгейінің қаншалықты маңыздылығын сараптап, жете түсінуіміз үшін, ең алдымен, осы мұраларды тудырушы Серікболдың өзінің кім екенін, оның азаматтық болмысын танып білуіміздің, дұрыс түсінуіміздің маңызы зор. Бұл арада, мәселе әрине, оның Маңғыстаудың баласы екені, болмаса университет бітіргендігі секілді өмірбаяндық деректі білуде емес. Мәселе – әлемдік өркениеттен тысқары, шалғай жерде өмір сүріп, тым қысқа ғұмыр кешкеніне қарамай, қыруар іс тындыра алған осы бір ғажайып жанның жан дүниесіне үңіліп, оның арман-аңсарын, көздеген мақсат-мүддесін танып білуде, тағдыр тауқыметінің тар қыспағында, бір тірлігі біреуге тәуелді болып, ертеңінің не боларына сенім арта алмай белгісіз күй кешкен дәрменсіз ауру жанның тіршілік иесі ретінде емделіп, жазылудың жолын іздеп, бар мүмкіндігін тән саулығын түзетуге жұмсаудың орнына, үлкен қалада, төрт құбыласы түгел, сау адамдардың өзінің батылы барып, білімі жетіп тәуекел ете алмайтын соныға түрен салып, өз еркімен, жанкешті азапты тірлікке өлермендікпен жегілуінің себебін ашуда”.
Шығармалары
- «Маңғыстау географиясы»,
- «Қазақ мифологиясына кіріспе» (1997),
- «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» (2000),
- «Есен-қазақ» (2002),
- «Гиперборея: түс көрген заман шежіресі» (2003),
- «Арғықазақ мифологиясы» (2004),
- «Эстетика ландшафтов Мангистау» (2005),
- «Маңғыстаунама» (2006),
- «Қазақ даласы және герман тәңірлері» (2006),
- «Жауынгерлік рух кітабы» (2006)
Серікбол Қондыбай"Аруақ" ұғымы қазақ танымының негізін құрайды, өйткені, қазақтардың, оның...
СЕРІКБОЛ ҚОНДЫБАЙАбақ таңбаның күрделі нұсқасы ретінде кіндіктес (концентрлі) шеңберді алуға болады....
Көктемнің шығатын кезі, қыс пен жаз, күн мен түн күресетін жыл мезгілі. Ақ пен қара ажыратылатын шақ...