ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама бас...
Шагалдың шарабы немесе Пикассоның паңдығы
Марк Шагал пен Пабло Пикассоның достығы жайлы алып-қашпа әңгімелер өте көп. Тіпті екеуінің достығының ақыры жайлы да бірнеше нұсқалы оқиғалар халық аузында кеңінен таралды. Араларынан қыл өтпес достығына көптің көзі тиді ме, я әлде «қылды» ақырындап өздері өткізді ме, белгісіз. Кезінде бір-біріне еш қысылмастан «замананың заңғар тұлғасы» деп баға берген Шагал мен Пикассо, кейінірек бір-бірін сынап-мінеп алудан еш тайынбайтын адамдарға айналды.
Сонымен бұл оқиға қалай басталды дейсіз ғой?! Бәрі былай болған еді: 1964 жыл. Пикассо мен Франсуаза Гилот күнді арулап көкжиекке көмгеннен кейін, Шагалдың үйіне кешкі асқа келеді. Шагалдың үйінде шарапсыз отыру деген бола ма, қонақтардың аздап басы айналып, лепіре бастаған сәтте Пикассо үй иесіне «Ресейге қашан қайтасыз?» деп қойып қалады. Миығынан мырс еткен Шагал: «Сізден кейін, құрметті Пикассо. Естуімше, сізді онда қатты жақсы көреді дейді. Бірақ мен бұған аса сене алмайды екенмін. Әуелі сіз Ресейге барып жұмыс жасап көріңізші. Мен сіздің қолынан келе ме екен, көрейін» деп ішіндегі бар зыпыранын төге салады. Барлығынан хабардар паң Пикассо: «Сіздің көксегеніңіз ақша ғана. Шегі мен шеті жоқ қалтаңызға ақша қыстырмайынша сіз отырған орныңыздан жылжымайсыз» деп Шагалдың шарабын көмейіне төңкере салған деседі.
Осы кеш Шагал пен Пикассоның достығын жерлеген кеш ретінде тарихтың жадында қалды. Барлығына 1964 жылдың кеші ғана кінәлі, яки сол кеш қана барлығына өзін кінәлады. Себебі бұдан кейін қос ұлы суретшісі бұл оқиғаға бірін-бірін кінәлағаннан басқа ешқандай шешім таба қойған жоқ.