Уақыттың ерекшелігі – өткен мен бүгіннің, бүгін мен ертеңнің бір-бірімен тығыз байланыста екен...
Фрэнк Стелла: «Егер сіз романтик болмасаңыз, онда сізге сурет салу бақыты ешқашан бұйырмайды!»
Фрэнк Стелла - америкалық көрнекті суретші. Оның шығармалары Американың өнер тарихында алтын әріптермен жазылған Энди Уорхол, Джексон Поллоктармен қатар айтылады. "Мәдениет порталы" осыған дейін Стелланың есімін әлемге мәшһүр еткен "Қара суреттер" атты сериялы картиналарын жариялаған болатын. Ендігі кезекте "The Art Newspaper Russia" газетінде жариялаған шағын сұхбатын ана тілімізге аударып оқырман қауымға ұсынып отырмыз! Мархабат!
Суретшіге үлкен кәсіби сурет көрмесін өткеру үшін не істеуі шарт?
Суретке талғамы биік жандар үшін суретшінің көрмесін ұсынуы - сындарлы сәт. Көрме ұйымдастырушылары өз ойларын ортаға салып, кем-кетігіңді түзеп, үлкен сынға даярлайды. Ізденістерден құралған көрме ғана көрермен қызығушылығын оятады. Елу жылдық ізденіс кезеңінің нәтежесін көрсету арқылы мен өзімнің сурет әлемімді көрсетуге мүмкіндік алдым.
Сіз ретрлмпективамен бірге нені бірге жасауды қалайсыз?
Барлығы менің Нью-Йорктегі MoMA-да екі ретроспективті суреттерімнің көрмесі болғанын айтып жатады. Шындығында тіптен олай емес. Бірі шынымен 1970 жылы өткізілсе, екіншісі 1970-1987 жылдар аралығында өмірге келген туындылардан тұрады. Сонымен, қазіргі жұмысым 1987 жылдан басталып, бүгінгі күнге дейінгі толассыз еңбегімді қамтыды. Мен кейде өткенді айтудың қаншалықты маңызы болуы мүмкін деп те ойлаймын. Бірақ ұйымдастырушылардың ұсынар дәлелі мынадай болды: көрмеге келушілерді қызықтыратыны олар дүниеге келмеген кезең. Осымен барлық мәселе шешілді. Бірақ Уитни мұражайының бізге бергені мол.
Көрме сәтті өтті деуге болады, себебі ол High Line Park (Нью-Йорктегі темір жол бойындағы жаңа саябақ. - TANR) жанында сәтті ұйымдастырылып және мұражайдың жаңа ғимаратының шынымен кереметіне талай куә болдық. Итни қала орталығына көшіп, кеңейді. Дегенмен мен ескіні жоюға қарсымын. Сіз қартайған сайын сізбен бірге заттардың өзіңізбен бірге ескіргенін қаламайсыз ғой...
Бірақ сіз шығармаларды хронологиялық ретпен көрсетпеуге кураторларды көндірдіңіз бе?
Иә, оған қол жеткізу оңай болған жоқ. Бірақ көрме уақытында дәйекке сүйенсе, өз құнын жоймайды. Көбінесе жұмыстың тақырыбы маңызды. Тақырыбына қарай алдында не болғанын немесе керісінше, сол тақырып бойынша кейінірек не болуы мүмкін екендігін түсінуге болады. Идеясы ұқсас туындылардың кейбір тұстардағы байланыстарды көрсету де мәнді. Мысалы, «Тұрыссыз көпбұрыш» сериясындағы (1965–1966) картиналар «Польша ауылы» сериясындағы (1970–1974) картиналарында ортақ нәрсе бар. Олар бір-бірінее онша ерекшеленбейді. Ал барлығын қатаң хронологиялық тәртіппен салғанда, нақты артықшылықтарын шынайылығын байқай аласыз. Бұл кәдімгі галереяда болуы мүмкін жай. Бірақ Уитни - бұл ашық кеңістік, сондықтан сіз бөлменің қабырғаларын тұрғызып, оған жөндеу жұмыстарды жүргізгенде сіз жаңаша ойлана бастайсыз. Сізге істе шапшаңдық керек. Мұны істеу оңай емес, бірақ қабырғаларды өзгерту керемет көрінеді. Сіз өзіңізді үй ішінде қоршап тұрған бұрышты өзгерту арқылы көп нәрсені өзгертесіз - демекші, лифттен шыққанда, сізді қара суреттер толығымен қоршап алмайды.
Сіз сұлулыққа қаншалықты қызығасыз?
Бұл сұрақтың өзі орынсыз қойылды деп санаймын, өйткені сұлулық -тіршілік емес пе, дәлелденген. Менің айтқым келгені, ешкім сапасыз және жасанды суреттер салуға ( жаман адамдар мен ұсқынсыз адамдар бар дейді) жол бермейді. Ішкі сезімге бай адам сапасыз сурет салмайды деп ойлаймын. Менің картиналарымның түсі әрқашан бірдей болуы да сондықтан. Бұл стильдің бір бөлігі. Бір сөзбен айтқанда, композицияны қанша өзгертсеңіз де, стиліңіз әрқашан сізді ерекшелеп тұрады және өзгермейді.
Сіз әлі күнге живопись салуға қызығасыз ба?
Менің бар білетінім осы. Мен сол арқылы сурет әлеміне келдім. Бұл менің әлі күнге дейін жақсы көретін салам. Менің ойымша, мүсін мен сәулет өнерінің проблемалары біршама бөлек, бірақ суретті мүсін әрқашан болған. Бәлкім, қазір бұрынғыдан да көркем сәулет өнері бар болар. Тұтастай алғанда, өнердің қай саласы болмасын даму жолы тоқтамайды. Бұдан басқа не пікір қосуға боларын білмеймін.
Шығармаларыңыздың атауларында әдебиет пен тарихқа жол сілтейтін сілтемелер жиі кездеседі. Сіз оларды қалай бір арнаға топтастырып жүрсіз?
Нақты айту қиын. Кейде атаулар нысанаға дөп тиіп, кейде жанама болып кетеді. Оған тоқталудың жөні жоқ. Мен иллюстрациялаудың қажеті жоқ деп білем. Моби Дик сериясы [1986–1997] бетбұрыс болды. Мен әлі күнге дейін Моби Диктен қорқамын, бірақ бұл картиналар негізінен майысқан беттер. Суреттер қозғала бастаған сияқты көрінеді. ал роман жанды бейнелері бар туынды. Жанды бейнелер қозғалады: оларда ылғал, толқын және қозғалыс бар. Мен талай рет айттым: абстракция көп нәрсені қамтуы мүмкін. Былайша айтқанда, ол суретті әңгіме болса да, өз табиғатын толық жырлай алады.
Сіз өте жылдам жұмыс жасайсыз. Мысалы, сіздің «Польша ауылы» сериясы жүзден астам туындыны қамтыды. Мұндай жылдам жасау қарқынына қалай жетесіз?
Менің ойымша, бұл тез емес. Шынымды айтсам, мен бұл туралы ойламаймын. Көбінде бір нәрселерді егжей-тегжейлі ойлау жұмыс қарқынын баяулататынын білемін. Бірақ менде әрқашан жоспар болады. Соңғы 20 жыл бойы мен барлық жұмыстарыма үнемі дайындық сызбалары арқылы үлкен жұмыстарға құлаш ұрдым.
Сізде дағдарыс болып тұрады ма?
Иә, дағдарыс болатыны рас бұл шығармашылық үшін қалыпты жағдай деп ойлаймын. Және мен айтқан нәрселерді «дағдарыс» деп атауға келе ме, жоқ па білмеймін. Мен мұны көңіл-күйдің нашарлауы немесе қозғалыссыз бір орында тұрып қалғандай сезінген кезді атар едім.Бірақ бұл сезімдерді жан дағдарысы дей аламыз ба?
Бірақ сіз өзіңізді романтик деп атамайсыз ба?
Ақыр соңында, егер сіз романтик болмасаңыз, сурет салудың қажеті бар ма? Жоқ қой! Негізі, мен аналитикалық көркемдік әрекетті білмеймін және естіген де емеспін.
Бүгін сіз үшін ең маңыздысы не?
Тыныс алу. Бұл бірінші кезекте.
Солай ойлайсыз ба?
Сөзбе-сөз. Қаншалықты қарапайым көрінгенімен, бұл шындық. Мен әлемді көргім келеді. Бұл өте қарапайым естіледі, бірақ ең бойды жылытатын сөз. Маған қазір қозғалу қиын, тіпті Челсиді айналып өту үлкен күшті қажет етеді. Мәселен, қазір галереяларға кіргім келеді. Мейлі, олар не көрсетсе де. Бірақ оны физикалық тұрғыдан бүгін жасауға шамам жоқ екендігін түйсінем.
Сіз қазір немен айналысудасыз?
Мен әрқашан 18-ші ғасыр менен алыстап бара жатқанын сезіндім. Мен шамамен 17-19 ғасырлардағы өнер тарихын терең білуге ұмтылдым, бірақ олардың арасын жалғайтын оқиғаларды зерттедім. Енді мен 18 ғасырдағы өнер туралы шығармасын оқу үстіндемін. Майкл Левидің «Рококодон революцияға дейін» кітабын тауыстым. Ол көбінесе суретшілерге, тіпті өзін мақтайтын адамдарға да қатал. Бүгінде өнер адамдарына қарата оның әдетте не айтатыны есіңізде болса, оның тілі өте өткірлігін білесіз. Маған оның айтқан ойы ұнайды: 18 ғасырда жан ләззаты болған өнер - кәсіп болды. Бұл шынымен керемет өзгерісті өнер кеңістігінің сызығы деп айта аламыз. Қазір мен дәл осылай жан рахаты үшін өнермен айналысудамын.
Сұхбаттасқан Паб Побрик
Қазақшаға аударған Салтанат Есенқұл