Жазбаға жауап: Аймағамбетов ұстаздар қауымының жүрегін елжіретті

Фото: Gov.kz

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
281

Әлеуметтік желіде Сейімбек Қасым есімді жас мұғалімнің жазбасы мен оған депутаттың жауабы ұстаздар қауымын тебірентті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол Threads қосымшасында «Сенің мықты мұғалімің шаршады, Асеке» деп депутат Асхат Аймағамбетовқа қарата жазба жариялайды. Ең қызығы, Аймағамбетов бұл жазбаға кері жауап беріп, көптің көңілінен шықты. 

«Өзім де ұстаз болғандықтан- бұл сөздің артында қаншама еңбек пен тер жатқанын жақсы сеземін. Иә, ұстаз шаршайды, өйткені ол өз жұмысына бүкіл болмысын, жанын салады. Бірақ ұстаздың маңызды бір ерекшелігі бар емес пе? Ол қанша шаршаса да, шәкіртінің күлкісі мен жетістігінен жаңа күш алады. Жүрекпен атқарылған еңбек ешқашан зая кетпейді. Шаршасаңыз да,жолыңыздан таймаңыз», - деді ол. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік маңызы бар құжаттарға өзгертулер енгізгенін жариялады, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында үш жасар баланы ат таптап кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.  Қайғылы оқиғ...