Қазақ жігіті Оксфордта қазақ тілінен сабақ береді

Фото: MadeniPortal.kz

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
1365

Қазақ азаматы әлемнің ең беделді жоғары оқу орындарының бірі — Оксфорд университетінде қазақ тілін үйретіп жүр. Оның аты — Дидар Садық, туған жері — шағын ғана Қарашоқы ауылы, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Дидар бала кезінен қазақ тіліне ерекше қызығушылық танытқан. Үлкендердің әдемі сөйлегенін тыңдап өскен ол, бір күні қазақ тілін бүкіл әлемге танытуды армандаған.

Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетін тәмамдағаннан кейін, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында жұмыс істей бастады. Сол жерде Дидар өз бағытын анықтады – тек тіл зерттеу емес, оны басқа халықтарға үйретіп, қазақ мәдениетін әлемге таныстыру.


Бүгінде Дидар Садық Оксфорд университетінде қазақ тілінен сабақ береді.
Бұл – тек кәсіби жетістік емес, сонымен қатар Қазақстан мен әлем арасындағы мәдени көпірдің символы.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оксфорд университеті қазақ тілін оқу процесіне енгізу жөнінде келісімге келген болатын.
2024 жылы іске қосылған пилоттық жоба Тіл білімі институты мен Оксфорд арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесінде жүзеге асты.

 


«Маған бұл мүмкіндік – қазақ тілінің сұлулығы мен байлығын бүкіл әлемге көрсетуге жол ашты. Әр сабағым – Қазақстан мен өзге елдердің арасындағы рухани байланыс», – дейді ол.

Бүгінде осындай жастардың арқасында қазақ тілі халықаралық деңгейде оқытылып, жаңа белестерге көтеріле бастады.

Қазақстанның тілін, мәдениетін және рухын әлемге паш етіп жүрген жастарымызбен мақтанамыз! 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...