Болашақ дәрігерлер енді жеті жыл оқиды

Фото: Freepik

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
688

Қазақстанда дәрігерлерді даярлау жүйесі өзгереді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жаңа жүйе бойынша биылдан бастап оқуға түсетіндер үшін оқу мерзімі университетте 6 жыл + 1 жыл интернатура болады, - дейді Ақмарал Әлназарова. 

Диплом алғаннан кейін дәрігер болып емханада ғана емес, стационарда да жұмыс істеуге немесе резидентурада оқуды жалғастыруға мүмкіндік бар. 

Сондай-ақ дәрігер-интерн мәртебесі енгізіледі. 

Бұл өзгерістер тек 2026 жылдан бастап оқуға түсетіндерге ғана қатысты. Жаңа жүйе бойынша алғашқы түлектер 2033 жылы мамандық алып шығады. 

Ал 2021 жылы оқуға түскендер бұрынғы жүйе бойынша білім алады. 

2022 жылы және 2026 жылға дейін оқуға түскендер 6 жыл оқиды. Бірақ практикалық даярлық көлемі артып, оқу сағаттарының жалпы саны көбейді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Халықаралық жастар күніне орай «Қала сенен басталады» деген ұранмен өтіп жатқан, 20 мың...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасы Президентінің кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлығын іске асыру аясын...