Бастауыш сынып оқушыларына қатысты маңызды өзгеріс: бағалау тәртібі жаңарады

Фото: Pixabay

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
278

Қазақстанда 2026-2027 оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушыларының білімін бағалау тәртібі өзгереді. Жаңа тәсіл 1 қыркүйектен бастап 2-4-сынып оқушыларына қолданылады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді.

Жаңа тәртіпке сәйкес, критериалды бағалау жүйесі сақталады. Дегенмен 2-4-сыныптарда оның кейбір тетіктері жаңаша қолданылады.

Атап айтқанда, формативтік бағалаудың рөлі күшейтіледі. Бағалау бұрынғыдай 1-ден 10 балға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі. Алайда балл қою талаптары нақтыланып, формативтік бағалаудың тоқсандық қорытынды бағаға қосатын үлесі артады.

Сонымен қатар оқу бөлімдерін меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін аралық бағалау енгізіледі.

Бірінші сынып оқушылары үшін бағалау тәртібі өзгермейді: оларға бұрынғыдай баға қойылмайды.

Шынар Ақпарованың айтуынша, бастауыш сыныптардағы бағалау жүйесін жаңартуға ата-аналардың ұсыныстары, педагогтердің тәжірибесі, оқушылардың білім нәтижелерін бақылау көрсеткіштері, сондай-ақ отандық және халықаралық зерттеулер негіз болған.

«Бірінші сыныпта баға қойылмайды. Жаңартылған тәртіпте формативтік бағалау сақталып, оның рөлі күшейтіледі. Ал оқу бөлімдерін меңгеру нәтижесін анықтау үшін аралық бағалау енгізіледі. Ең алдымен формативтік бағалаудың тоқсандық бағадағы үлесі артады. Формативтік бағалау бұрынғыдай 1-ден 10 балға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі. Тек балл қою тәсілі нақтыланады», – деді Шынар Ақпарова. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...