КӨРГЕН-БІЛГЕНБасқа елге барып, оны бір аптаның ішінде көріп-біліп, түп - түгел танимын деу, әрине, ә...
"Жас қазақ" әні туралы
Тақырыпқа көз жүгірте салып," Мынау осы аттас газетті жарнамалап отыр" деп ойлап қалмаңыздар. Біреуге қызықты, біреуге қызықсыз бұл жазбамда Рамазан Елебаевтың (1910-1943ж.ж.) «Жас қазақ» әнінің тарихына тоқталмақшымын. Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде талай қандасымыз ерлік көрсетіп, біршамасының ескерусіз қалғаны да рас. Бородино түбіндегі шайқас кезінде ерлікпен қаза тапқан Төлеген Тоқтаровты бүгінде біреу білсе екеу білмейді. Өзінің майдандас досының қазасын Рамазан осы әнімен жоқтап, оның ерлігін бізге жеткізді. Бұл әннің неше күнде шыққанын кім білсін, бірақ оның сонау майдан даласынан елге келуінің өзі ерлікке пара-пар дүние.
1942-1943-ші жылдар аралығында майдангерлерге жігер беру мақсатындда қазақстандық концерттік бригада құрылады. Бригада құрамында көптеген өнер жұлдыздары бар болатын. Бірақ, біздің тоқталатын өнерпазымыз Жүсіпбек Елебеков. Панфилов атқыштар дивизиясынан аттанғалы тұрған бригадаға түнделетіп баян арқалаған, аяғына шаңғы таққан Рамазан Елебаев келеді. Майдандас досы Төлегеннің ерлігі ұмытылмас үшін, кейінгі ұрпақ жырлап жүрсін деген мақсатта «Жас қазақ» әнін елге жеткізіңдер деген аманатын айтады. Жүсіпбек әуенді домбыраға салып алады. Елге аман-есен жеткен соң «Аманатқа қиянат» жасамайын деп әуенді Ғабиден Мұстафинге тартып береді. Жүректен жүрекке дәл жеткен бұл әуеннің сөзі осылайша туған екен.
Әнді осы сілтемеге өту арқылы тыңдай аласыздар: soundcloud.com/user306205199/onq9kb9kp6uu
Жас қазақ
сөзі: Ғабиден Мұстафин
әні: Рамазан Елебаев
Қар жамылған кең дала қанға бөгіп,
Күрілдейді сұр аспан өлім төгіп.
Жас қазақ мұрттай ұшты уралап.
Жанын қиып кете алмай жас өмірден,
Асқақтаған арманға өрмелеумен.
Жас қазақ жатты көзі от жайнап.
Сол бетінде жан берді ол, тұрмады,
Ары үшін елімнің боп құрбаны.
Жас қазақ атылды оқтай көре сап.
Ел қорғаған майданда жас арыстан
Төлегендей артыңа қалдыр дастан.
Жас қазақ жатты жауын жаныштап.