«Мәңгілік ел» ұлттық жоспарының отансүйгіштікке толы қағидаларын ескере отырып, елбасы Н...
Алматыда халықаралық «Бастау» фильмдер кинофестивалі өтеді
2021 жылдың 30 қарашасы мен 4 желтоқсаны аралығында Алматыда IX халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі өтеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Фестиваль Дәурен Қамшыбаевтың байқаудан тыс көрсетілетін дебюттік картинасы – «Зере» фильмінің ұлттық премьерасымен ашылады.
Фестивальдің негізгі мақсаты – Еуропа мен Азияның жас кинематографистері арасында ынтымақтастық орнату, олардың жұмыстарын қолдау және ілгерілету, түрлі жанрдағы кинофильмдерді жасауға деген қызығушылықты арттыру. «Бастау» кинофестивалі – жас режиссерлер мен сценаристерге өз жобаларын іске асыру үшін бірегей алаң болып табылады.
«Бастаудың» конкурстық бағдарламасы 3 бөлімнен тұрады: толықметражды фильмдер байқауы – Bastau DEBUTS, қысқаметражды фильмдер байқауы – Bastau SHORTS және деректі фильмдер байқауы – Bastau DOCS.
Фестиваль Дәурен Қамшыбаевтың байқаудан тыс көрсетілетін дебюттік картинасы – «Зере» фильмінің ұлттық премьерасымен ашылады. Бұған дейін бұл фильм тек Бразилиядағы São Paulo International Film Festival халықаралық кинофестиваліне қатысқан. Картинада басты рөлдерде танымал жұлдыздар Берік Айтжанов, Мұрат Бисенбин, Адина Бажан және Ольга Ландина ойнайды.
Сондай-ақ, конкурстан тыс Айжан Қасымбектің «От» картинасы көрсетіледі. Фильмнің әлемдік премьерасы жақында ғана Пусандағы (Оңтүстік Корея) халықаралық кинофестивальде өтті. Сонымен қатар, биыл фильм Германиядағы Film Festival Cottbus және Сингапурдағы Singapore International Film Festival кинофестивальдеріне қатысты. Ал басты рөлді сомдаған Төлепберген Байсақалов Сочидегі X Russian British Sochi international film festival & Awards 2021 кинофестивалінде және Лос-Анджелестегі Asian World Film Festival кинофестивалінде екі бірдей марапатты жеңіп алды.