Қазақстандық режиссер халықаралық кинофестиваль қазылар алқасының құрамында болды

MadeniPortal.kz

КИНО
37

Қазақстандық режиссер Мансур Сарсембаев SENSUS кинофестивалінің қазылар алқасына енді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz

Қазақстандық сценарист әрі режиссер Мансур Сарсембаев SENSUS Film Festival халықаралық кинофестивалінің қазылар алқасының құрамында жұмыс істеді. Аталған фестиваль 2026 жылғы 20–22 наурыз аралығында Санкт-Петербург қаласында өтті.

Фестиваль аясында әртүрлі елдерден келген тәуелсіз кинематографистердің қысқаметражды ойын, деректі және анимациялық фильмдері ұсынылды. Көрсетілімдер шығармашылық пікір алмасу мен кәсіби диалог алаңына айналды.



Қазылар алқасының мүшесі ретінде Мансур Сарсембаев байқау жұмыстарына жан-жақты баға беріп, режиссуралық шешімдерді, сценарий құрылымын және көркемдік деңгейін саралады. Оның қатысуы халықаралық сарапшылар құрамындағы қазақстандық кино мамандарының беделін айқындай түсті.

22 наурыз күні өткен марапаттау рәсімінде режиссер жеңімпаздарға жүлделер табыстап, құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде қатысушылардың шығармашылық ізденісін атап өтіп, ұсынылған жұмыстардың деңгейі жоғары екенін жеткізді.

Мансур Сарсембаев 2018 жылдан бері кино саласында белсенді еңбек етіп келеді. Ол «Алтын Қалам – 2020» сыйлығының лауреаты, сондай-ақ сценарий шеберлігі бойынша халықаралық марапаттардың иегері. Режиссер Ұлыбритания сценаристер гильдиясының (WGGB), Қазақстан кинематографистер лигасының және Еуразиялық шығармашылық гильдияның мүшесі.



Ол әр жылдары Ұлыбритания, Үндістан, Австрия, Ресей және Жаңа Зеландиядағы халықаралық кинофестивальдерде қазылар алқасының құрамында болған.

Айта кетейік, SENSUS кинофестивалі тәуелсіз киноны қолдауға және кинематографиялық мәдениетті дамытуға бағытталған. Фестиваль аясында жиналған қаражаттың бір бөлігі қайырымдылыққа, атап айтқанда науқас балаларға көмек көрсетуге жұмсалады.

Қазақстандық кинематографистердің халықаралық деңгейде белсенді қатысуы отандық кино өнерінің дамуына және оның әлемдік кеңістіктегі беделінің артуына ықпал етеді.

author

Мансур Сарсембаев

СЫНШЫ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жанболат пен Жазираның жаңа түскен келіні Асылы оқырмандарына ескерту жасады, деп хабарлайды MadeniP...

СПОРТ

Ертең 31 наурыз Астана Аренада Қазақстан ұлттық құрамасы мен Комор аралдары арасындағы матч өтеді, д...