«Аватар 2» 13 жылдан кейін көрерменге жол тартады

КИНО
4730

Disney студиясы «Аватар 2: су жолы» атты блокбастерге Джеймс Кэмеронның көптен күткен сиквелінің трейлерін ұсынды. «Аватар 2: су жолы»  кино тарихындағы ең қымбат жобалардың бірі болуы мүмкін, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Аватар 2: су жолы» Джеймс Кэмеронның ғылыми-фантастикалық эпосының жалғасы. Бас кейіпкер Джейк Салли өзінің жаңа үйі мен отбасын жау шапқыншылығынан қорғау үшін Навиліктердің көшін бастайды. Пандораның әдемі планетасына тағы да жерден қауіп төнеді.

Картинаның режиссері – Джеймс Кэмерон, ал продюсерлері – Кэмерон мен Джон Ландау. Фильмде Зоя Салдана, Сэм Уортингтон, Сигурни Уивер, Стивен Лэнг, Клифф Кертис, Джоэль Мур, Си Си Эйч Паундер, Эдди Фалко, Джемен Клемент сынды актерларды көруге болады.


«Аватар 2: су жолы» фильмінің трейлері Диснейдің Youtube каналында 4K сапада шықты. Бір күнде ролик 10 миллионнан астам көрсетілімге ие болды. Фильмнің бюджеті 250 миллион долларды құрайды.

Нұрсана Қанағатқызы,
174 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда кәмелетке толмаған қыздың өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Алд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...