«Бақыт құшағында» қазақша джубокс-мюзиклы Париждегі кинофестивальде жүлдеге ие болды

Фото: MadeniPortal.kz

КИНО
379

29 қазан мен 2 қараша аралығында Франциядағыжетінші мәрте өтіп отырған «Festival du Film Kazakh»  қазақ киносы фестивалінде «Үздік дебют» аталымы жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Фильмнің Франциядағы таныстырылымы аталған фестивальдің жабылу салтанатында өтті. Фестиваль киногерлер, киносыншылар, эксперттер мен халықаралық киносүйер қоғамның басын қосты. Көрермен қатарында Париж қаласындағы қонақтар мен жерлестеріміз де көп болғанын айта кету керек. Көрермендер тарапынан джубокс мюзиклге ерекше баға берілді. Осылайша рухани құндылықтар мен маңызды тақырыптарды көтерген картина халықаралық жүлдеге ие болды.

Айта кететін тағы бір ақпарат, қазақ киносы тарихындағы тұңғыш джубокс мюзикл фильм «Бақыт құшағында» Нью Йоркте тұрып жатқан отандастарымыздың назарына ұсынылды. Әлем елдерінде Unknowntalks шарасын ұйымдастыратын Диас Камерединов пен Әйгерім Ализакова, мерекеге орай осы кинотуындыны көрерменге ұсынған. Фильмді тамашалаған көрерменнің мюзиклдегі Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне қосыла шырқап, сюжеттегі оқиғаларға бір жылап, бір күліп әсерленгенін байқауға болады.  

«Бақыт құшағында» фильмі  2025 жылдың 23 қазанында қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы аясында үлкен экрандарға жол тартқан еді. Қазір прокатта. Кинотуындыны тамашалаған көрерменнің әлеуметтік желідегі кері байланысынан  фильмдегі композитор әндерін қосыла шырқау, көз жасқа ерік беру, күлу мен көңілді билеу сәттерін байқауға болады. Картина сюжетінде көтерілетін өзекті тақырыптар да көрерменге өз әсерін бергенін байқау қиын емес.  
Фильмде  қоғам үшін маңызды тақырыптар көтеріліп, отбасы институты үшін мәні зор мәселе ашылады, анаға құрмет, ер азаматтың міндеттері мен адал жауапкершілік  тақырыптары да терең тарқатылады. 

«Бақыт құшағында» джубокс мюзикл фильмі толықтай Шәмші Қалдаяқовтың әндері негізінде түсірілген.  Композитор туындыларының ұрпақтар сабақтастығындағы рөлі ерекше.

Фильм үшін арнайы Ш. Қалдаяқовтың 12 әні симфониялық оркестр сүйемелімен жазылып, саундтрек ретінде ұсынылады. Фильмнің шығармашылық тобына композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов пен келіні Ботагөз Қалдаяқова да қолдау көрсетуде. Фильм түсірілімдері үшін арнайы Голливудтың әйгілі кинотуындыларын түсірген инновациялық кинокамера алдырылды.

Режиссер С.Шапашовтың мәліметінше, фильм бір айдың ішінде толығымен қазақ тілінде елорданың көркем жерлерінде түсірілген. «Бақыт құшағында» jukebox мюзиклы үшін бір түсірілім алаңына 230  актер билейтін ең үлкен массалық эпизодтар бар. Сонымен қатар, фильмде 80 адам бірден қатысқан массалық көріністер де түсірілген болатын. Арнайы хореограф фильмдегі билерді бір ай көлемінде арнайы қойып, дайындықтан өткізді.

Мюзикл қазақ киносы тарихында көрермен үшін мәдени, ақпараттық танымға жол ашатын көркем туынды ретінде өз орнын алады деген сенім бар. Бұл картина еліміздегі креативті индустриясының дамуына үлес қосты. 

 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...