Қазақ руханиятында әлі күнге құпиясы ашылмай келе жатқан мәселе – Шоқанның (Мұхаммед-Ханафия)...
«Мұқағали» фильмінің түсірілімі басталды
6405
«Қазақфильмде» «Мұқағали» көркем фильмінің түсірілімі басталды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Картина ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайында сыр шертеді. Фильмнің режиссері - танымал қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов. Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіруде. «Бұл фильм ақын жайлы ғана емес, адам жайлы, адамның тағдыры жайында», - дейді фильмнің режиссері Қалымбетов.
Түсірілім жұмыстары Өскемен қаласында басталды. Одан кейін түсірілім тобы Санкт-Петербург, Алматы және Алматы облыстарына жол тартпақ.
Режиссердің айтуынша, картина Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды.