Тимур Бекмамбетов Қазақстан мен Өзбекстанда Қожа Насыр туралы мультфильм түсіреді, деп хабарлайды&nb...
Экранда бір ғана актермен шектелген 7 үздік фильм
Кейде қызықты әрі көркемдік шешімі жоғары фильм түсіру үшін жақсы сценарий және бір ғана актер жеткілікті. Осы тұста madeniportal.kz үздік деп танылған монофильмдерді назарыңызға ұсынады.
«Ай 2112» (2009, реж.: Дункан Джонс)
Аталмыш туырнды аты аңызға айналған музыкант Дэвид Боуидің ұлы, британдық режиссер Дункан Джонсты бір сәтте танымал еткен фантастикалық драма. Фильмнің басты ерекшелігі – оқиғаның күтпеген шешімі. Бұл сирек кездесетін бөтен газды өндіретін автоматтандырылған ай станциясының инженері Сэм Беллдің оқиғасы. Сэмнің әр күні тек қайталанумен өтеді. Беллдің нақты тапсырмасы және оны орындау кестесі үш жылға созылады. Бас кейіпкердің үш жылы жалғыздық пен табыс табу үшін артында қалған үй мен отбасын аңсаумен өтеді. Әңгімелесушілердің ішінен тек жасанды интеллектке ие робот бар, ол қандай да бір жолмен мүмкін болатын ақылсыздықтан құтқарады. Ғарыш кемесінде күрделі модульдің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты туған планетамен бұрыннан байланыс болған жоқ, сондықтан Сэм тек әйелінен алынған жазбаларға ғана қанағаттанады. Вахтаның аяқталуына аз уақыт қалғанда Сэм кездейсоқ апатқа ұшырап, ғарыш кемесінен тысқары есінен танып қалады. Медициналық бөлімде оянған Сэм жер мен интеллекті робот арасындағы әңгімеге куәгер болып, қорқынышты құпияға тап болады.
«Мұзда жоғалған» (2018, реж.: Джо Пенна)
Даниялық Мадс Миккелсен ұзақ уақыт бойы мықты драмалық актер ретінде танымал болды. Бірақ, голливудттық фильмдерде ол тек харизматикалық зұлымдардың рөлін сомдап келді. Сол себепті «Мұзда жоғалған» фильмі Мадс Миккелсеннің ауыз толтырып айтарлық жетістігі. Драмалық телефильмдермен танылған режиссер Джо Пенн үшін «Мұзда жоғалған» жобасы дебюттік толықметрлі жұмыс болды. Фильм 2018 жылы Канн кинофестивалінің «Алтын камера» номинациясының жүлдегері болды. Оқиға дарынды ұшқыш Хакслидің төңірегінде өрбиді. Өмірінің көп бөлігін әуе рейстеріне арнаған тәжірибелі ұшқыш бірдеңе дұрыс емес болуы мүмкін деп ойламаған. Алайда, кезекті ұшу кезінде тікұшақта қозғалтқышы ауа температурасының төмендігіне байланысты істен шығып, тікұшақ апатқа ұшырайды. Осылайша бас кейіпкер мұзды шөлдің тұтқынына айналады.
«Үміт жойылмайды» (2013) реж. Джей Си Чендор
«Тәуекел шегі» картинасының режиссері Джей Си Чендордың әсерлі жарқын және эмоционалды шытырман оқиғалы фильмі. Өз дәуірінде көп нәрсені көрген қарт теңізші кішкентай желкенді яхтада Үнді мұхитын жалғыз кесіп өтеді. Күндердің күнінде теңізде бос қалқыған контейнермен соқтығысып апатқа ұшырап, өркениеттен ажырайды. Бас кейіпкер жолда кезіккен кемелерді күтіп құрлыққа жетуді мақсат етеді. Бірақ бәрі, әрине, оған қарсы: дауыл, сынған жабдық және адамдардың сенгізсіз немқұрайлылығы... Голливудтың ұлы классигі Роберт Редфорд бұл жерде сөз айтпайды, бірақ фильмге оның қажеттілігі жоқ. Бас кейіпкердің теңізге ұзақ саяхатқа шығуының арты өркениеттен қашудың бір көрінісі секілді. Дегенмен теңіздің сұрапыл күші адамдарға қайтып оралып көмек сұрауға мәжбүрлейді.
«Тірідей көмілген» (2010, реж.: Родриго Кортес)
Қазір біз Райан Рейнольдстың барлық фильмдерде әзілкеш рөлін ойнайтындығына үйреніп қалдық. Бірақ, актерді басқа қырынан танытатын «Тірідей көмілген» фильмі қатаң, қорқынышты, әсерлі және күтпеген оқиғаларға толы. Фильмді көру барлық көрерменге ұсыныла бермейді. Оған себеп шектеулі кеңістікте қалып қойған адамның іс-әрекеті жан түршігерлік. Бір жарым сағатқа созылатын фильмде ешқандай әрекет болмайды, бірақ адам бойындағы клаустрофобияның оянуына алып келуі мүмкін. Рейнольдстың таңғажайып және қызықты ойыны соншалықты, кейбір сәтте қорқыныш адамның сүйек кемігіне дейін жетеді. Ен бастысы мұны экшндық көріністерсіз-ақ сезінуге болады. Бас кейіпкер отбасы үшін ақша табу жолында Иракқа келісімшартпен жұмысқа келеді. Күндердің күнінде басқыншылардың қолына түсіп, оянғанда тірідей жерленгенін түсінеді.
«Лок» (2013, реж.: Стивен Найт)
«Лок» фильмі жетістікке жетуге тырысып, көп уақыты мен күшін құрылыс фирмасының қызметіне жұмсаған табысты менеджер Айвен Лок төңірегінде өрбиді. Бас кейіпкер ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбектен кейін көптен күткен мансаптық өсуге қол жеткізудің аз-ақ алдында тұр. Айвен қолына алған соңғы және маңызды келісімшарт жаңа мүмкіндіктерге есік ашуы мүмкін. Бірақ оның өмірі мен жоспарлары кеш түскен қоңыраудан кейін өзгереді. Жаңа жағдайлар Локты әйелі мен екі ұлын түсіндірместен тастап, түнде Лондонға жол жүруге мәжбүр етеді. Әкесіз қиын балалық шақты өткерген бас кейіпкер Айвен қандай принциптерді ұстану керектігін біледі. Бірақ, бұған қарамастан, Локтың жіберген қателігі оның өмірін түбегейлі өзгертетіні анық. Бұл қарапайым адамның күнделікті өмірінен алынған үзінді.
«Кінәлі» (2018, реж.: Гюстав Меллер)
«Кінәлі» камералық триллері дат режиссері Густав Меллердің толықметражды дебюті және әлемдік сынның жоғары бағасына ие болды. Американдық киноакадемия картинаны 2019 жылғы «Оскарға» үміткерлердің арасында «Үздік шетелдік фильмдердің» қысқа тізіміне енгізді. Дания полициясының офицері Асгер Холм қандай да бір қайғылы оқиғадан кейін қызметінен босатылды. Ол уақытша құтқару қызметінің байланыс орталығына жұмысқа жіберілді. Асгер күндікке түскен қоңырауларды жұмыс ретінде қабылдағанымен, Ибен есімді жас әйелдің өтінішіне немқұрайлы қарай алмайды. Себебі, Ибен біреулердің белгісіз бағытта ұрлап бара жатқанын хабарлап үлгереді. Диспетчерден шықпай, Асгер әйелді құтқаруға тырысады және бұл қылмыстың қорқынышты жайттарына көз жеткізе бастайды.
«Оттегі» (2021, реж.: Александр Ажа)
Бас кейіпкер криогендік камерада есін жиып, одан шыға алмай қиналады. Тек жасанды интеллект көмектесе алады. Бірақ өзінің кім екенін және мұнда қалай келгенін есіне түсіре алмаған бас кейіпкер командаларға дұрыс жауап бере алмайды. Оның салдары камераның ішіндегі оттегенің бірте-бірте азаюына алып келеді. Режиссер Александр Ажа шын мәнінде «Тірідей көмілген» фильмнің көшірмесін жасағандай әсер қалдырады. Табыттың орнына жайлы криокамера бар. Ал басқыншылардың орнына байланысты қиындата түскен белгісіз технологиялар.