Елімізде алғаш рет апат жайлы кино жарық көреді

Фото: әлеуметтік желіден

КИНО
692

Әлеуметтік желіде көрерменнің назарына тұңғыш рет қазақстандық апат туралы фильмнің трейлері ұсынылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Фильмнің продюсерлері мен жасаушыларының “апат туралы тұңғыш қазақстандық фильм” деген пікіріне келісуге болады. Себебі, отандық кинематографияда бұл жанр алғаш рет қолға алынып отыр.  

Фильмге келетін болсақ, басты рөлде Рауан есімді кейіпкердің өмірінде түсініксіз жәйттардың орын алуымен басталады. Басында бұл құбылыс қорқынышты әрі түсініксіз көрінсе де, уақыт өте келе ол бұның текке еместігін түсініп, әрекетке көшеді. Бас кейіпкер ауылын қауіптен құтқарып қалу үшін күн сайын түрлі амалдар жасап көреді. 

“Қайтадан” фильмі ауқымы жағынан аса үлкен болмаса да, 2012 жылы жарық көрген “The Empossible” туындысын еске салады. Екі фильм де өмірде болған табиғи апатқа негізделген драмалық оқиға. 

Қазақстандық фильмнің бір күн қайталана беретіндігі «Суыр күні» тундысына ұқсаса, ал ауылды құтқаруы Макото Синкайдың анимесі - «Your Name»-ге қатты келеді. 

Анимеде Таки есімді токиолык жігіт сүйіп қалған қызы Мицухата ерекше тылсым күш арқылы оның тұрған жеріне метеорит түсу қаупі бар екенін жеткізіп, бүкіл халықты құтқарып қалады. 

Фильмнің режисері - Думан Еркімбек, ал бас продюсері - бала кезімізде көрген «Көк тарландары» сериалының бас кейіпкерлерінің бірі Жалын Тілеуберген болды. 

Актерлік құрамда Жасұлан Көпберген, Шұғыла Ешенова, Ермек Шынболатов, Ержан Нұрымбетов, Аида Жантілеуова, Әшім Ахметов, Рамазан Макабатұлы, Алмат Сақатов және Айбек Әзімбек сынды елге танымал өнер иелері бар. 

Қазақстан кинематографына ерекшелік алып келетін «QAITADAN» фильмі 4 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрерменге жол тартады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...