Көрерменге жол тартпай қалған үздік фильмдер

КИНО
2887

Әлем киносында аяқтаусыз қалған жобалар төңірегінде көптеген қауесеттер бар екені хақ. «Мәдениет порталы» көрерменге жол тартпастан сәтсіздікке ұшыраған фильмдердің тізбегін жасап, себеп салдарын анықтауды жөн көрді.

«Дюна» (реж.:Алехандро Ходоровски)

70-ші жылдардағы басты ғылыми жоба атануға лайықты фильмдердің бірі «Дюна» болатын. Мистик және сюрреалист Алехандро Ходоровский Сальвадор Дали, Мик Джаггер, Пинк Флойд, суретші Мебиус және Орсон Уэллс сынды жұлдыздарды жобаға тартты. Өкінішке қарай, Ходоровскийдің күмәнді және мегаломандық идеялары Голливудта қолдау таппады.

«Наполеон» (реж.: Стэнли Кубрик)

Наполеон Бонапарттың өмірбаяны режиссер Стэнли Кубрикке қызықты болды. Режиссер ондаған жылдар бойы «кішкентай капрал» туралы ең үлкен және әсерлі фильм жасау үшін императордың өміріне қатысты материалдар жинады. 1970 жылы Род Стигердің «Ватерлоо» фильмінің сәтсіздігі студиялардың тарихи картиналарға деген сенімсіздігін туғызды. Сол себепті кезекте тұрған Стэнли Кубриктің жобасы шаң басқан мұрағатта қала берді. Алайда, Кубрик «Барри Линдон» фильмінде Наполеонның қойылымымен байланысты амбициясын ішінара жүзеге асырады.

«Ақылсыздық жоталары» (реж.: Гильермо дель Торо)

Г.Ф. Лавкрафттың романдарын киноға бейімдеу мүмкін еместігіне мексикалық режиссер Гильермо дель Тороның көзі жетті. Оңтүстік полюске экспедиция кезінде бөтен ғаламшарлықтармен кездесу туралы қорқынышты оқиғаны аударуға тырысты. Лавкрафт әлемін мұқият зерттей білген Дель Тороның «Ақылсыздық жоталары» керемет жобаға айналды. Бірақ Universal студиясы режиссердің арманын жүзеге асырудан бас тартты. Оған бірден бір себеп 150 миллионды қажет ететін бюджет пен тек ересек адамдарға арналған рейтингісі жобаның тиімді боларына күмән келтірген.

«Қараңғылықтың жүрегі» (реж.: Орсон Уэллс)

Шекспирдің жанкүйері және аты аңызға айналған «Азамат Кейн» режиссері Орсон Уэллс әрқашан өзінің әдебиетке жақын екенін көрсетіп келген. Бір қызығы, 1939 жылы «Азамат Кейннің» орнына Уэллс Джозеф Конрадтың романына сәйкес «Қараңғылықтың жүрегін» Орталық Африкаға саяхат туралы оқиғаны қоюды жоспарлады. Ол классикалық дәуірдегі Голливуд үшін ерекше болған бірінші адамның әңгімесінің формасына бет бұрды және түсіруді жоспарлады. Алайда, Уэллс қаржыландыруға қол жеткізе алмады. Есесіне әлемдік киномотографқа шедеврге айналған «Азамат Кейн» туындысын алып келді.

«Мегаполис» (реж.: Фрэнсис Форд Коппола)

«Өкіл әке» мен «Бүгінгі Апокалипсис» фильмдерімен танылған Френсис Форд Коппола үлкен жоба туралы армандады. Нью-Йорктегі сәулетші туралы әңгіме желісімен фильм түсіруді жоспарлады. Копполаның сценарийі жазылып, тіпті фильмге актерлік топқа кастинг жүргізілді. Бірақ жоба кенеттен тоқтап қалады. 2001 жылы 11-ші қыркүйекте АҚШ-та болған ланкестік оқиғалардан кейін бұндай жобаларды моральдік себептермен жүзеге асыру өте қиын болды. Содан бері «Мегаполис» қаржыландыруды таба алмады және режиссер Коппола да жобаға деген қызуғышылығын жоғалтқан.

«Крест жорығы» (реж.: Пол Верховен)

Режиссер Пол Верховен бірінші крест жорығының кезеңдері туралы диверсиялық фильмді түсіруді жоспарлады. Рим-Католик шіркеуі бастаған Иерусалимді мұсылмандардан босату жорығы Верховеннің көзқарасымен түсірілу керек болатын. Бұл кезде режиссер ортағасырлық текстурамен түсірілген («Қан мен ет») фильмімен тәжірибе жинақтаған. 150 миллион долларды және басты рөлде Арнольд Шварценеггерді талап еткен жоба кейінге қалдырылды. Оның орнына Carolco студиясы шығыны аз «Шоугез» фильмін түсіруді ұсынды. Аталмыш студия банкротқа ұшырап, Верховеннің ортағасырлық фильм туралы армандары көкке ұшты.

«Ленинград» (реж.: Сержио Леоне)

«Бірде Америкада» фильмімен танымал болған режиссер Серджио Леоне шығармашылығын ары қарай дамытуды жоспарлады. Ленинград блокадасының қасіреттері туралы эпикалық фильмді түсіруді қолға алады. Леонға тарихшы Гаррисон Солсберидің кітабы шабыт берген. 100 миллион долларлық бюджетті фильмде басты рөлді Роберт Де Ниро сомдау керек болатын. Сондай-ақ, Эннио Морриконенің музыкасымен сүйемелдену де ойда бар тұғын. Өкінішке қарай, Серджио Леоне 1989 жылы инфарктен қайтыс болады.

«Американдық трагедия» (реж.: Сергей Эйзенштейн)

Ұлы кеңестік авангардист Сергей Эйзенштейн ұлы американдық романды бейнелеуді жоспарлады. Парадоксалды үйлесім 30-шы жылдардағы Голливудтың ең қызықты жобаларына айналу керек болатын. Продюсер Дэвид Селзник Сергей Эйзенштейннің «Американдық трагедиясына» арналған сценарийін оқып, оны «ұмытылмас тәжірибе» деп атады, ал Paramount Pictures басшысы Эйзенштейнге оны жүзеге асыру үшін 100 мың доллар беруге дайын екенін жеткізді. Бірақ романның экранизациясы жүзеге аспады. Алты айдан кейін режиссер Кеңес Одағына қайтып оралды.

«Супермен тірі» (реж.: Тим Бертон)

1996 жылы Бэтменнің тәжірибесі бойынша Тим Бертон Супермен туралы фильм түсіруді бастады, ал Кевин Смит сценарий авторы ретінде шақырылды. Ең танымал сәтсіз кинокомикста ойнауға тиіс болған Николас Кейдждің супер қаһармандық трикода суреттері танымал бола бастады. Бірақ арман жобасы, өкінішке қарай, түсірілім басталардан үш апта бұрын құлады. 90-шы жылдардың аяғы супер қаһармандық оқиғаларды жүзеге асырудың сәтсіз кезеңі болатын. Әсіресе, Джоэл Шумахердің «Бэтмен мен Робиннің» сәтсіздігінен кейін трико мен ұсқынсыз костюмдегі жігіттер тек күлкі туғызды.

«Идиот» (реж.: Андрей Тарковский)

1973 жылы Андрей Тарковский Федор Достоевскийдің «Идиотын» түсіруге, Мосфильмге өтініш беруге және тіпті басты рөлдерге бірнеше актерлерді көруге ниет білдірді. Мәселен, Настасья Филипповна бейнесінде ол Маргарита Терехованы көргісі келді. Тарковскийдің философиясы мен бейнесі Достоевскийдің ықпалынсыз болмағаны анық. Алайда, күнделіктерінің бірінде режиссер романды экранизациялау мүмкін емес екенін атап өтті, сондықтан көп ұзамай «Идиотпен» қоштасып, Тарковский «Сталкер» фильміне кіріскен.

madeniportal.kz

Спорт

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына ш...

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...