Жыр алыбы Жамбыл туралы жаңа фильмнің түсірілімі басталды

КИНО
1249

Алматыда «Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмінің түсірілімі басталды, деп хабарлайды kazakhcinema.kz порталы.

Түсірілім алаңынан үзінді кадр

Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен шығарылады. Түсірілім тобын режиссер Жандос Құсайынов басқарады.

Болашақ картинаның сюжеті ақынның кеңестік идеологияға қарсы шығуына негізделген. Фильмде Жамбылдың өміріне әсер еткен айтулы оқиғалар қамтылады: ақындар слеті, ақын өлеңдерінің газет-журналдарда жариялануы, Иосиф Гильманның Мәскеуден келуі, Жабаевтың Ораз Жандосовпен, Бауыржан Момышұлымен және дәуірдің басқа да көрнекті қайраткерлерімен кездесуі көрсетіледі.

Басты рөлді Қазақстанның Халық әртісі Досжан Жанботаев сомдайды. Сондай-ақ, фильмге ҚР Халық әртісі Досхан Жолжақсынов, ҚР еңбек сіңірген әртістері Ерік Жолжақсынов пен Бекболат Тілеухан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеулов, актерлер Асан Мәжит, Қажымұқан Қалымбет және Ержан Нұрымбет қатысады.

Түсірілім алаңынан үзінді кадр

Картинаны түсірумен «Мәдениет және шығармашылық бастамаларды қолдау» Қоғамдық Қоры айналысуда. Авторлар аты аңызға айналған Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы бірегей фильм қазақстандықтарға ғана емес, шетелдік көрермендерге де қызықты болады деген үмітте.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Жамбыл туралы алғашқы көркем фильм емес. 1952 жылы режиссер Ефим Дзиган «Қазақфильм» студиясында басты рөлді Шәкен Кенжетайұлы Айманов сомдаған «Жамбыл» картинасын түсірген.

madeniportal.kz

author

Жамбыл Жабаев

АЙТЫСКЕР

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...