Астанада жеңіл рельсті көлік жүйесі (LRT) станцияларының бірінде өрт орын алды, деп хабарлады Madeni...
Павлодарда 600 грамм болып туған сәбидің жамбас сүйегі сынған
Ашық дереккөз
Павлодарда салмағы 600 грамм болып туған сәбидің жамбас сүйегі сынған. Отбасы тексеру жүргізуді талап етуде, ал дәрігерлер баланың жағдайы тұрақты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Туыстарының айтуынша, ата-анасы 20–23 қазан аралығында баланың аяғындағы өзгерістерді байқап, медицина қызметкерлеріне хабарлаған. Алайда 23 қазанда ғана сәбидің жамбас сүйегі сынғаны айтылған. Отбасы оқиғаның мән-жайын анықтап, перинаталдық орталық жұмысын тексеруді сұрап отыр.
«Мұның қалай болғанын сұрағанда, дәрігерлер бала құрысу кезінде өзіне өзі жарақат салғанын айтты. Мұндай жағдай болуы мүмкін бе?» – деп жазды шағым авторы.
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы шала туған нәрестелерде сүйек тінінің әлсіздігі салдарынан сүйектің өздігінен сынуы мүмкін екенін түсіндірді.
Ал перинаталдық орталықтың мәліметінше, баланың жағдайы тұрақты. Оны травматолог бақылап отыр. Қазіргі уақытта арнайы ем қажет емес.