«Өнермен өрілген ғұмыр» атты шығармашылық көрме өтеді

КИНО
3024

Алматы Метрополитенінің «Мәскеу» бекетінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Халықаралық «ТҮРКСОЙ» Мәдени ұйымының қолдауымен, Жетісу облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық артисі Бикен Римованың 100-жылдық мерейтойына орай «Өнермен өрілген ғұмыр» атты шығармашылық көрме өтеді.

Көрмеде актрисаның сахнада киген костюмдері, өзі тіккен көйлектері мен сөмкелері, пайдаланған жеке заттары мен экспонаттары, медальдері, фотосуреттері қойылады.           

Аталмыш шарада Бикен Римованың замандастары, сахнадағы әріптестері және театр өнерінің майталмандары мен зиялы қауым өкілдері қонақ болады. Осыған орай Сіздерден ақпараттық қолдау көрсетуіңізді сұраймыз. 

Уақыты: Наурыз айының 14 күні, сағат 15:00 - де

Мекен-жайымыз: «Мәскеу» бекеті - Абай даңғылы, Өтеген батыр көшесі мен Алтынсарин даңғылының қиылыстары.

Байланыс телефоны: 8(702)477-08-77

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...