Қазақстандық фильмдер шетелдік кинофестивальдерде үздік атанды

ашық дереккөзден алынған

КИНО
492

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Әмір Кәкеннің «Жазда атамның ауылында» фильмі АҚШ-тағы «Whittier Film Festival» халықаралық кинофестивалінде жеңіске жетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Картина үздік қысқаметражды фильм деп танылып, Best Short Drama номинациясын жеңіп алды.

Жас режиссердің бұл туындысы Ресейде өткен «Взрослеем вместе» халықаралық кинофестивалінде де «Қысқаметражды көркем фильм» аталымы бойынша марапатталған еді.
Күні кеше Қытайдың Сычуань провинциясы, Чэнду қаласында ІІ халықаралық «Golden Panda Awards» кинофестивалінің марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан атынан қатысқан «Қаш» фильмі «Үздік операторлық жұмыс» номинациясында жеңіске жетті.

Аталған жүлде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, оператор Азамат Дулатовқа табысталды.

Айта кету керек, «Golden Panda Awards» – екінші жыл қатарынан Чэнду қаласында өткізіліп келе жатқан халықаралық кинофестиваль. Оның басты мақсаты – кинематография өнері арқылы шығармашылық алмасуды дамыту және ортақ болашағы бар жаһандық қауымдастық құру.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бір жылдан астам уақыттан бері «Жаңа адамдар» қозғалысының 124 азаматтық бастамасы кәмел...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі әнші Маржан Арапбаеваның азаматтық күйеуі Ербол Нұрмұхамбетов түнгі уақытта қоғамдық орында...