Оңтүстік Кореяда автоматтандырылған кинотеатрлар ашылды

КИНО
3820
Оңтүстік Кореяда кинотеатр иелері көрермен өзін қауіпсіз сезінуі және COVID-19 вирусын жұқтырып алудан қорықпауы үшін автоматтандырылған жүйе бойынша жұмыс істейтін болды. Variety басылымы хабарлауынша, бұл жүйе бүкіл әлемде алғаш рет қолға алынған, деп жазады Massaget.kz.

Мысалы, Ёыйдо аралындағы CJ-CGV кинотеатрлар желісінің залдарында қызметкерлерді роботтар алмастырды және билеттерді сатып алу және сканерлеуге арналған автоматты кассалар орнатылды. Сонымен қатар көрермендерге басқа адамдармен байланыссыз-ақ арнайы мобильді қосымша арқала тамақ пен сусындарға тапсырыс беруге мүмкіндік жасалған. Осыған ұқсас жүйе Lotte Cinema желісіне тиесілі 130 кинотеатрдың 22-сіне енгізілген. Келушілер билеттерді брондауға, айырбастауға, алуға және тағамдарға тапсырыс беру үшін AI киосктерді пайдалана алады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...